+7 771 367 63 68

KZ RU
Главная Директор блогы

Директор блогы

Директор блогы - “N 11 санаториялық мектеп-интернаты “  коммуналдық мемлекеттік мекемесі

Карабаева Улжан Асиловна

Түркістан облысының білім басқармасының "№11 санаториялық мектеп-интернаты" коммуналдық мемлекеттік мекемсінің директоры

  

          Айы және жылы

Қызметі, мекеме, ұйым, кәсіпорын, сондай-ақ министрлік ( ведомство) қоса көрсетілсін

Келген  уақыты

Кеткен  уақыты

24.09.2003ж

14.09.2004ж

Шымкент әлеуметтік-педагогикалық  университеті,

«Филология» кафедрасының оқытушысы, Шымкент қаласы

01.09.2004ж

29.08.2011ж

М.Ауезов атындағы ОКМУ «Практикалық қазақ тілі» кафедра оқытушысы, Шымкент қаласы

01.09.2011ж

02.09.2017ж

ШКББ Р.Мырзашев атындағ  №76 негізгі  орта  мектебінің қазақ тілі мен әдебиеті пән мұғалімі, Шымкент  қаласы

02.09.2017ж

02.06.2025ж

ШКББ №129 жалпы орта білім беретін  мектеп директорының оқу ісі жөніндегі  орынбасары

02.06.2025ж

24.09.2025ж

Қазығұрт ауданы «Қызылсеңгір  жалпы  білім  беретін  мектеп» КММ-нің  директоры

24.09.2025ж

24.02.2026

Қазығұрт ауданы «Атбұлақ жалпы білім беретін мектеп жанындағы интернат»КММ-нің  директоры

02.03.2026ж

қазіргі  дейін

Түркістан облысының білім басқармасының "№11 санаториялық мектеп-интернаты" коммуналдық мемлекеттік мекемесі директоры

 

Марапаттар мен сертификаттар тізімі

Марапаттары немесе сертификат

Марапаттар мен сертификат атауы

Алған мерзімі мен тіркеу нөмірі

 

1

Сертификат

«Білім беру сапасын басқару жүйесіндегі педагогикалық квалиметрия» тақырыбында 80 сағат көлемінде біліктілікті арттыру курсы

18.10.2019ж, №0322245

 

2

Сертификат

«Назарбаев Зияткерлік мектептері» ДББҰ Педагогикалық шеберлік орталығы өткізген «Сабақты зерттеуді ұйымдастыру және жүзеге асыру жолдары» тақырыбында 16 академиялық сағат көлеміндегі оқыту семинары

2019ж 29-30 наурыз №0015413

 

3

Сертификат

«Назарбаев Зияткерлік мектептері» ДББҰ Педагогикалық шеберлік орталығы әзірлеген оқушылардың кәсіби бағдары бойынша мектеп директорларының тәрбие жұмысы жөніндегі орынбасарларының біліктілігін арттыру білім беру бағдарламасы бойынша 40 академиялық сағат көлеміндегі курс

06.03.2020ж, БЖ №132951

 

4

Сертификат

«Қашықтықтан оқыту жағдайындағы педагогикалық менеджмент» тақырыбында 80 сағат көлемінде біліктілікті арттыру курсы

15.10.2021ж, №0465346

 

5

Сертификат

«Қашықтықтан басқару, білім беруді цифрландыру жағдайында оқу үдерісін тиімді басқару және конструктивті жоспарлаудың негізгі ретінде» тақырыбында 80 сағат көлемінде біліктілікті арттыру курсы

08.10.2021ж, №0481707

 

6

Сертификат

«Жаңа жүйе, жаңа сабақ, тәжірибе» тақырыбындағы халықаралық онлайн-семинарға белсене қатысқаны үшін

Шымкент қ, 2021 ж, №2300

 

7

Сертификат

«Өзін-өзі тану» пәнінің ғылыми-әдіснамалық негіздері

12 қараша 2021 жыл №0005739

 

8

Сертификат

Жаңартылған білім беру мазмұнына сәйкес ерекше білім беру қажеттілігі бар балаларды оқытуда инклюзивті білім беру ортасының мазмұны

17.02.2022ж. №044401

 

9

Сертификат

«Қазақ тілі» және «Қазақ әдебиеті» пәні мұғалімдерінің кәсіби құзіреттіліктерін дамыту

20.05.2022ж. №0522393

 

10

Сертификат

«Білім мен ғылымдағы өзекті мәселелер» тақырыбындағы халықаралық онлайн-семинарға белсене қатысқаны үшін

Шымкент қ, 2022ж. №1369

 

11

Сертификат

«Білім берудегі менеджмент»

2024ж. №0851633

 

12

Сертификат

«Үздіксіз кәсіптік білім берудегі белсенді және жаңашыл оқыту әдістері»

2025ж. №002103

 

13

Сертификат

Сертификат «Еңбек даулары, олардың туындау себептері. Келісім комиссиясында еңбек дауларын шешу тәртібі»

2025ж. №307

 

14

Алғыс хат

Тәуелсіз Қазақстанның рухани әлеуметтік даму жолында және білім беру саласында жас жеткіншектердің тәрбиесі мен кемел келешегіне ықпал етіп, сапалы білім, саналы тәрбие берудегі еңбегі үшін марапатталады

№Z2021-1809

 

16

Куәлік

«Қазақстанның Ұлағатты Ұстазы» төсбелгісімен марапатталды

Тіркеу №303

17

Мақтау қағазы

«Заманауи білім беру: инновациялар, тәжірибелер» тақырыбындағы қалалық-ғылыми практикалық конференциясында құнды баяндама жасап, тәжірибесін жоғары деңгейде көрсеткені үшін

Шымкент қалалық әдістемелік орталық, 2020ж, №3142

18

Алғыс хат

Тәуелсіз Қазақстанның рухани әлеуметтік даму жолында және білім беру саласында жас жеткіншектердің тәрбиесі мен кемел келешегіне ықпал етіп, сапалы білім, саналы тәрбие берудегі еңбегі үшін

Шымкент дарыны орталығы, №Z2021-1809

19

Алғыс хат

«Ерлік ұрпақ ұраны» жобасы аясында әскери-патриоттық сайысты жоғары деңгейде ұйымдастырғаны үшін

Шымкент ҚББ әдістемелік орталығы, 2021ж, №1208

20

Алғыс хат

Жас ұрпаққа сапалы білім мен саналы тәрбие берудегі еселі еңбегі үшін

Шымкент ҚББ, 2022ж, №361

21

Құрмет грамотасы

Педагогика саласының дамуына қосқан үлесі және педагогикалық шеберлігі үшін

ҚР БҒМ «Өркенит», 2022ж, №00333

22

Алғыс хат

Заманауи оқытудың жаңа әдіс-тәсілдерін қолдана отырып, жас ұрпаққа сапалы білім мен саналы тәрбие бергені үшін

Шымкент ҚББ, 2022ж, №691

23

«Ұлағатты Ұстаз» төсбелгісі

Адал еңбегі үшін

Шымкент қ., 2022ж, №473

24

Мадақтама

Әдістемелік семинарға құнды баяндама дайындағаны үшін

Шымкент қ., 2023ж, №274

25

Грамота

Қазақстан Республикасы ақпарат және қоғамдық даму министрлігінен

2023ж, №20657

26

Алғыс хат

Өрлеу біліктілікті арттыру ұлттық орталығы директорының алғыс хаты

Шымкент қ., 2023ж, №7872

 

 

 







Қош  келдіңіздер!

         Бүгінгі таңда тәуелсіз мемлекет алдында тұрған негізгі мақсаттардың  бірі-дүниежүзілік  білім әлеміне ену. Бұл салада білім беру ісінің мазмұнын  жаңа бағытқа бұрып, құрылымдық жүйесін жаңарту, өзгерістер енгізу-білім  реформасын  жүзеге  асыру  алғы шартта    тұрғаны   баршамызға  аян.

         Білім адамзаттың   терең   және  үйлесімді   дамуын   бекітетін  құралдардың  бірі, әлеуметтік  тұрақтылық пен   ұлттық  қауіпсіздіктің  маңызды  факторы. Қазіргі  кезде  мұғалімге  қойлатын  талаптар  күшті.  Жаңа  формация  мұғалімнен  тек  өз  пәнінің   терең  білгірі болу  ғана емес, тарихи  танымдық, педагогикалық, психологиялық  және  ақпараттық   сауаттылық  талап  етілуде.

         Қай  қоғамда  болсын  істің  тетігін  мамандар  шешеді. Ендеше, білім  сапасын  көтеру  ісі, жоғарыда  аталған  міндеттерді  жүзеге  асыру  тетігі  ұстаздар  қауымына   байланысты. Мектепте барлық  мұғалімдер саны -48, оның ішінде жоғары білімдісі -48,  педагог-зерттеушісі-15, педагог-сарапшысы-9,  педагог-модераторы-4,  Ы.Алтынсарин төсбелгісінің иегері-1, ҚР Білім және ғылым министрлігінің Құрмет грамотасымен марапатталғандар саны-3.  

         Мектеп-интернат 1963 жылы 1 қыркүйекте  салынған. Бүгінгі таңда 57  жылдық  тарихы  бар  білім  ошағы. Мектеп ғимараты- 400 оқушыға, жатақхана ғимараты-300 оқушыға арналған. Ғимараттың жалпы ауданы 5143м2, мектеп учаскесінің алаңы 4,5484га. Оқу кабинеттерінің саны-17, оның ішінде 5 мультимедия кабинеті, 2-компьютер сыныбы,1-лингафон кабинеті, 4-интерактивті жабдық  жұмыс жасайды. Спорт залы, спорт алаңдары, акт  залы-166 орын, 200 орындық асханасы,  25  орындық  кітапханасы бар.

         Мектеп-интернаттың  жетістіктері  мен өзгерістері  ұшан-теңіз.

Жалпы мектеп пен  жатақхана ғимараттарын  күрделі  жөндеуден  өткізіп, заман  талабына  сай  жабдықталған. Мектеп  ауласын көркейтіп,  көгалдандырып, көшеттер  отырғызылды.

         Мектеп-интернатта 2020-2021  оқу  жылы  барысында  2-дәрігер, 6-мейірбике  қызмет  етуде.

         ҚР ДСМ-30.11.2020 жылғы   «Туберкулез  кезінде  медициналық  көмек  көрсетуді  ұйымдастыру  жөніндегі  нұсқаулықты  бекіту  туралы » осы  бұйрыққа  сай   мектеп-интернатқа «Туб.контакт» -туберкулез  ошағының  жанұясының  балалары  және реакция-манту  сынамасы  алғаш  рет  оң (+) болған «Туберкулез   микробактериясын»  алғаш  рет  жұқтыруы  анықталған жолдамамен  қабылданады.

         Оқу  жылы  барысында  әр 6  айда   кеуде рентгенограммасы, р-манту  сынамасы  қойылады. Диаскинтест  сынамасы  оң (+) нәтиже  болса, 6 ай  көлемінде  туберкулезге  қарсы   химиопрофилактикалық  ем   тағайындалады (салмағына  қарай) қосымша  витаминотерапия, құнарлы  тағам.

         Осындай  жолдамамен  қабылданған  балаға  жалпы  медициналық  профилактикалық  байқаудан өткізіліп, табылған  аурулар  диспансерлік  есепке  алынып, тиісті  мамандардан  ем қабылдап сауықтырылады (педиатр, невропатолог, окулист, лор т.б).

1 жыл  оқу  мерзімінен  кейін, сауыққан  бала  жалпы  білім  беретін  мектепке  жіберіледі.   

         Мектепте  жылма - жыл  «Мектепке жол» акциясы  және «Қамқорлық» акциялары  жұмыс  жасайды. Мектеп  ұжымы  мұғалімдер, қызметкерлер  қолдауымен  өткізіледі. Қамқоршылық  кеңесінің  мүшелері  де  демеушілік  жасайды.

         Білім  бар  жерде  даму, жетілу, кемелдену  бар. Мектеп-интернаттан  жыл  сайын  түлектер  қанатын  қағып, колледждерге, орта  мектептерге  орналасуда.

         Білім  ордасының  өткені  мен  бүгінгі келбетін  көрсететін  осы  сайт  көпшілік  көңілінен  шығады  деп  ойлаймын.

         Сондықтан да ұлттық тұғырын берік ұстап келе жатқан білім ордасының өткені мен бүгінгі келбетін көрсететін осы сайт көпшілік көңілінен шығады деп ойлаймын.

Құрметпен  мектеп-интернат  директоры  Юсупова Айгуль  Мирзалиевна

Политика конфиденциальности
Рейтинг@Mail.ru
Данный сайт использует файлы cookie и прочие похожие технологии. В том числе, мы обрабатываем Ваш IP-адрес для определения региона местоположения. Используя данный сайт, вы подтверждаете свое согласие с политикой конфиденциальности сайта.
OK