Кері байланыс
Түркістан облысы білім басқармасына қарасты «№11 санаториялық мектеп-интернат» коммуналдық мемлекеттік мекемесі педагог қызметкерлердің бос орнына конкурс жариялайды!
Конкурс "Мемлекеттік білім беру ұйымдарының бірінші басшылары мен педагогтерін лауазымға тағайындау, лауазымнан босату қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2012 жылғы 21 ақпандағы №57 бұйрығына сәйкес жарияланды
Лауазым атауы: Тәрбиеші
Жұмыс мерзімі: тұрақты
Апталық сағат жүктемесі: 1 (бірлік) жүктеме
Лауазымдық жалақы мөлшері: 140000-160000 теңге (орташа)
Өтініш қабылдау уақыты: 16.06.2026-25.06.2026 жж
Негізгі функционалдық міндеттері мен біліктілікке қойылатын талаптары "Педагог қызметкерлер мен оларға теңестірілген тұлғалардың лауазымдарының үлгілік біліктілік сипаттамаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2009 жылғы 13 шілдедегі №338 бұйрығына сәйкес жүргізіледі.
Құжаттар тізбесі:
- осы Қағидаларға 3-қосымшағасәйкес нысан бойынша қоса берілетін құжаттардың тізбесін көрсете отырып, конкурсқа қатысу туралы өтініш;
- жеке басын куәландыратын құжат не цифрлық құжаттар сервисінен алынған электрондық құжат (сәйкестендіру үшін);
- кадрларды есепке алу бойынша толтырылған жеке іс парағы (нақты тұрғылықты мекенжайы мен байланыс телефондары көрсетілген – бар болса);
- Үлгілік біліктілік сипаттамаларымен бекітілген лауазымға қойылатын біліктілік талаптарына сәйкес білімі туралы құжаттардың көшірмелері;
- еңбек қызметін растайтын құжаттың көшірмесі (бар болса);
- "Денсаулық сақтау саласындағы есепке алу құжаттамасының нысандарын, сондай-ақ оларды толтыру жөніндегі нұсқаулықтарды бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2020 жылғы 30 қазандағы № ҚР ДСМ-175/2020 бұйрығымен(Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу( тізілімінде № 21579 болып тіркелген) бекітілген 075/у нысаны бойынша денсаулық жағдайы туралы анықтама;
- психикалық, мінез-құлықтық бұзылушылықтары бар аурудың динамикалық бақылауда жоқтығы туралы анықтама;
- наркологиялық аурудың динамикалық бақылауда жоқтығы туралы анықтама;
- сертификаттаудан өту нәтижелері туралы сертификат немесе қолданыстағы біліктілік санатының болуы туралы куәлік (бар болса);
- ағылшын тілі педагогтері лауазымына орналасуға кандидаттар үшін пән бойынша сертификаттау нәтижелері туралы сертификат немесе педагог-модератор немесе педагог-сарапшы немесе педагог-зерттеуші немесе педагог-шебер біліктілік санатының болуы туралы куәлікті (бар болса) немесе CELTA (Certificate in English Language Teaching to Adults. Cambridge) PASS A; DELTA (Diploma in English Language Teaching to Adults) Pass and above немесе IELTS (IELTS - айелтс) – 6,5 балл; немесе тойфл TOEFL (іnternet Based Test (іBT)) – 60-65 балл көрсеткіші бар сертификат;
- осы Қағидаларға12, 13-қосымшаларға сәйкес нысан бойынша педагогтің бос немесе уақытша бос лауазымына кандидаттың толтырылған бағалау парағы;
- жұмыс орнынан (педагог лауазымы бойынша), оқу орнынан ұсыным хат.
- Кандидат, болған жағдайда, біліміне, жұмыс тәжірибесіне, кәсіби деңгейіне (біліктілігін арттыру, ғылыми атақтар, ғылыми дәрежелер және дәрежелер беру, ғылыми немесе әдістемелік жарияланымдар, біліктілік санаттары туралы құжаттардың көшірмелері) қатысты қосымша ақпарат ұсынады.
- Техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарында арнайы пәндер бойынша педагогтер және өндірістік оқыту шеберлері лауазымдарына педагогикалық қызметке кіріскен, тиісті мамандық немесе бейін бойынша өндірісте кемінде екі жыл жұмыс өтілі бар педагогтер сертификаттаудан өтуден босатылады.
Бос орындар бойынша Конкурсқа қатысуға ниет білдірген үміткер өтініші мен тиісті құжаттарының көшірмелерін сканерленген нұсқада https//hr-nobd.edu.kz порталына жүктейді.
Мектеп мекен-жайы: Қазығұрт ауданы, Қазығұрт ауылы, Д.Қонаев көшесі №183
Толығырақ ақпарат алу үшін білім беру ұйымының байланыс телефондары:
8(7-25-39) 2-37-62
15 маусым 2026
- Конкурстық комиссияның құрамын өзгерту білім беру ұйымы басшысының шешімі бойынша жұмыс берушінің тиісті актісіне өзгерістер енгізу арқылы жүзеге асырылады.
- Конкурстық комиссияның отырысы аудио- бейнежазбамен сүйемелденеді. Аудио- бейнежазбалар конкурс жариялаған білім беру ұйымдарында отырыс өткізілген күннен бастап 1 (бір) жыл бойы сақталады.
- Конкурстық комиссияның отырысы, егер оған комиссияның жалпы құрамының кемінде үштен екісі қатысса, өтті деп, ал оның шешімі заңды деп есептеледі.
- Конкурсқа қатысуға құжаттарды қабылдау конкурс өткізу туралы хабарландыру жарияланған соңғы күннен бастап 7 (жеті) жұмыс күні ішінде жүргізіледі.
- Конкурсқа қатысуға ниет білдірген тұлға хабарландыруда көрсетілген құжаттарды қабылдау мерзімінде мынадай құжаттарды электрондық немесе қағаз түрінде жолдайды:
1) осы Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша қоса берілетін құжаттардың тізбесін көрсете отырып, конкурсқа қатысу туралы өтініш;
2) жеке басын куәландыратын құжат не цифрлық құжаттар сервисінен алынған электрондық құжат (сәйкестендіру үшін);
3) кадрларды есепке алу бойынша толтырылған жеке іс парағы (нақты тұрғылықты мекенжайы мен байланыс телефондары көрсетілген – бар болса);
4) Үлгілік біліктілік сипаттамаларымен бекітілген лауазымға қойылатын біліктілік талаптарына сәйкес білімі туралы құжаттардың көшірмелері;
5) еңбек қызметін растайтын құжаттың көшірмесі (бар болса);
6) "Денсаулық сақтау саласындағы есепке алу құжаттамасының нысандарын, сондай-ақ оларды толтыру жөніндегі нұсқаулықтарды бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2020 жылғы 30 қазандағы № ҚР ДСМ-175/2020 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу( тізілімінде № 21579 болып тіркелген) бекітілген 075/у нысаны бойынша денсаулық жағдайы туралы анықтама;
7) психикалық, мінез-құлықтық бұзылушылықтары бар аурудың динамикалық бақылауда жоқтығы туралы анықтама;
8) наркологиялық аурудың динамикалық бақылауда жоқтығы туралы анықтама;
9) сертификаттаудан өту нәтижелері туралы сертификат немесе қолданыстағы біліктілік санатының болуы туралы куәлік (бар болса);
10) ағылшын тілі педагогтері лауазымына орналасуға кандидаттар үшін пән бойынша сертификаттау нәтижелері туралы сертификат немесе педагог-модератор немесе педагог-сарапшы немесе педагог-зерттеуші немесе педагог-шебер біліктілік санатының болуы туралы куәлікті (бар болса) немесе CELTA (Certificate in English Language Teaching to Adults. Cambridge) PASS A; DELTA (Diploma in English Language Teaching to Adults) Pass and above немесе IELTS (IELTS - айелтс) – 6,5 балл; немесе тойфл TOEFL (іnternet Based Test (іBT)) – 60-65 балл көрсеткіші бар сертификат;
11) осы Қағидаларға 12, 13-қосымшаларға сәйкес нысан бойынша педагогтің бос немесе уақытша бос лауазымына кандидаттың толтырылған бағалау парағы;
12) жұмыс орнынан (педагог лауазымы бойынша), оқу орнынан ұсыным хат.
- Кандидат, болған жағдайда, біліміне, жұмыс тәжірибесіне, кәсіби деңгейіне (біліктілігін арттыру, ғылыми атақтар, ғылыми дәрежелер және дәрежелер беру, ғылыми немесе әдістемелік жарияланымдар, біліктілік санаттары туралы құжаттардың көшірмелері) қатысты қосымша ақпарат ұсынады.
- Техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарында арнайы пәндер бойынша педагогтер және өндірістік оқыту шеберлері лауазымдарына педагогикалық қызметке кіріскен, тиісті мамандық немесе бейін бойынша өндірісте кемінде екі жыл жұмыс өтілі бар педагогтер сертификаттаудан өтуден босатылады.
- Осы Қағидалардың113-тармағында көрсетілген құжаттардың біреуінің болмауы құжаттарды кандидатқа қайтаруға негіз болып табылады.
- Мемлекеттік ұйым кандидаттың құжаттарын қабылдағаннан кейін 3 (үш) жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитетінің Ақпараттық сервисі арқылы құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі уәкілетті органға немесе оның аумақтық бөлімшелеріне сыбайлас жемқорлық сипатындағы қылмыс және/немесе қылмыстық құқық бұзушылық жасағаны туралы мәліметтердің болуы не болмауы туралы сұрау салады.
- Кодекске сәйкес жұмысқа орналасуға тыйым салатын сыбайлас жемқорлық сипатында қылмыс және/немесе қылмыстық құқық бұзушылық жасағаны туралы мәліметтер анықталған жағдайда, педагог кез келген кезеңде конкурстан шеттетіледі.
- Комиссия құжаттарды қабылдау аяқталған күннен кейін 5 (бес) жұмыс күні ішінде кандидаттар құжаттарының Үлгілік біліктілік талаптарымен бекітілген біліктілік талаптарына сәйкестігін қарайды.
- Кандидаттар құжаттарының біліктілік талаптарына сәйкестігін қарау нәтижелері бойынша конкурстық комиссия осы Қағидаларға12, 13-қосымшаларға сәйкес Бағалау парағында кандидат көрсеткен балдарды есептейді.
- Конкурс қорытындысы бойынша шешімді конкурстық комиссия кандидат жинаған балдар негізінде қабылдайды. Ең көп балл жинаған кандидат конкурстын жеңімпазы болып есептеледі, оған шешім қабылдау үшін 24 (жиырма төрт) сағат беріледі. Егер конкурс жеңімпазы шешім қабылдамаса немесе бас тартса, тағайындау бағалау бойынша ең жоғары балға ие конкурстың келесі қатысушысына ұсынылады. Конкурс жеңімпазы мемлекеттік білім беру ұйымының бірінші басшысына тағайындауға ұсынылады.
- Кандидаттардың балл саны тең болған жағдайда, конкурстық комиссия әңгімелесу өткізу туралы шешім қабылдайды, нәтижесі бойынша тағайындауға кандидат анықталады.
- Конкурстық комиссияның шешімі хаттамамен ресімделеді, оған комиссия төрағасы, мүшелері мен хатшысы қол қояды. Конкурстық комиссияның шешімімен келіспеген жағдайда, комиссия мүшелерінің бірі өз пікірін білдіреді, ол комиссия отырысының хаттамасына қоса беріледі.
- Конкурс нәтижелері туралы хабарламаны конкурстық комиссияның хатшысы кандидатқа электрондық поштаға жібереді және өтініште көрсетілген телефон арқылы хабарлайды.
- Егер бос лауазымға орналасу конкурсына кандидаттардан өтініштер түспесе немесе кандидаттар Үлгілік біліктілік сипаттамаларына сәйкес келмесе, конкурс өткізілмеді деп танылады.
- Конкурс нәтижелері мемлекеттік білім беру ұйымының интернет-ресурсында немесе әлеуметтік желілерінің ресми аккаунттарында конкурстық комиссияның қорытынды отырысы өткізілгеннен кейінгі келесі жұмыс күні жарияланады.
- Кандидаттар конкурстық құжаттармен және конкурстық комиссияның шешімімен танысады.
- Конкурс нәтижелерімен келіспеген жағдайда, қатысушы осы Қағидаларға 10-қосымшағасәйкес нысан бойынша жоғары тұрған мемлекеттік ұйымда (білім бөлімдері, білім басқармалары) құрылған апелляциялық комиссияға өтінішпен шағым жасайды.
- Апелляциялық комиссияның төрағасы мен құрамын білім бөлімдері, білім басқармалары айқындайды және бекітеді. Апелляциялық комиссияның құрамы бес адамнан тұрады. Апелляциялық комиссияның төрағасы басшылықты жүзеге асырады, хатшы апелляциялық комиссияның отырысын ұйымдастырады, хаттаманы ресімдейді, оның мүшесі болып табылмайды және дауыс беруге құқығы жоқ.
- Апелляциялық комиссияның шешімі апелляциялық комиссия мүшелерінің жалпы санының көпшілік даусымен қабылданады. Дауыстар тең болған жағдайда, апелляциялық комиссия төрағасының дауысы шешуші болып табылады. Апелляциялық комиссияның шешімдері осы Қағидаларға 11-қосымшағасәйкес нысан бойынша хаттамамен ресімделеді, оған апелляциялық комиссияның төрағасы және барлық мүшелері қол қояды.
- Апелляциялық комиссияның шешіміне Әкімшілік рәсімдік-процестік кодекстеайқындалатын тәртіппен шағым жасалады.
- Үлгілік біліктілік сипаттамаларымен бекітілген біліктілік талаптарына сәйкес келетін және конкурстық комиссияның оң қорытындысын алған кандидатпен білім беру ұйымының басшысы еңбек шартын жасайды және жұмысқа қабылдау туралы бұйрық шығарады.
- Конкурстан өтпеген кандидаттардың құжаттары конкурс жариялаған мемлекеттік органда 1 (бір) жыл бойы сақталады.
- "Педагог мәртебесі туралы" Қазақстан Республикасының Заңынасәйкес білім беру ұйымы қоса атқарушыларды конкурссыз, негізгі жұмыс берушінің келісімі бойынша, Кодекстің 1 бабының 56) тармақшасында айқындалған тәртіппен жұмысқа қабылдайды.
- Педагог лауазымынан босату Кодекстің 49-бабының 1), 2), 3), 5), 6), 7), 8), 9) тармақшаларындакөзделген негіздер бойынша жүзеге асырылады.

