"№11санаториялық мектеп-интернаты " КММ.

Дене шынықтыру пәнінің мұғалімі Арманбек Мейманкулович және Дене шынықтыру нұсқаушысы Болат Омарұлының ұйымдастыруымен "16 желтоқсан - Тәуелсіздік күніне" орай 2008-2010 ж.т. жасөспірім қыздар арасында волейболдан Қазығұрт аудандық ашық біріншілік өткізілді.

Масқаты:
—Салауатты өмір салтын насихаттау.
—Жас спортшылардың шеберлігін шыңдау.
—Жасспортшылар арасында достық қарым-қатынасты нығайту.
—Өз Отанына, туған жеріне деген сүйіспеншілікті арттыру.

Біріншіліктің ашылу салтанатын мектеп директоры Айгуль Мирзалиевна, тәрбие ісі жөнінде орынбасар Омар Тілеуұлы жасөспірім командаларды Тәуелсіздік күнімен құттықтап, жас спортшы қыздарға сәттілік тіледі.

Жарысқа қатысқан командалар:
1. Қ. Сатпаев атындағы мектеп-лицей.
2. Т. Рысқұлов атындағы мектеп-лицей.
3. Қ. Тұрсынқұлов атындағы мектеп-гимназия.
4. О. Жандосов атындағы мектеп.
5. "Ащыбұлақ" ЖББМ
6. "№11 санаториялық мектеп-интернаты"КММ қатысты.

Тартысты ойын нәтижесі:

1-орын "Ащыбұлақ ЖББМ" КММ.

2-орын Қ.Сатпаев атындағы мектеп-лицей

3-орын Т. Рысқұлов атындағы мектеп-лицейі иеленді.