"ҰШҚЫР ОЙ АЛАҢЫ" ДЕБАТ

"№11 санаториялық мектеп-интернаты" КММ- де "Біртұтас тәрбие" бағдарламасы аясында 18.02.2025 ж
Тәлімгер Б.Тлепова, ҚББП
Б. Қалмуратова, Н.Қыдырбаева, ұйымдастырушы педагог А.Қалдыбаева ұйымдастыруымен "Өзін өзі басқару" ұйымы оқушылар арасында "Білім артық па,байлық артық па? "
тақырыбына дебат турнирі өткізілді.

Пікір сайыстың мақсаты: Оқушылардың сыни ойлау тұрғысынан дамуына, өз пікірін нақты жеткізуге, тұжырымды дәлелдер келтіре білуге үйрету болып табылады.

Дебат барысында оқушылар екі топқа "Үкімет" және "Оппозиция" бөлініп, пікір таластырды. Әр команда спикерлері өз ұстанымдарын дәлелдермен қорғап, түрлі мысалдар келтіріп, сұрақ - жауап, ситуация туғызу, нақты дәлелдер келтіру әдісі қолданылып, тақырыпқа байланысты оқушылар ой пікірімен бөлісті. Дебат барысында оқушылар ой-пікір қабілеттерін жетілдіріп, саналы, тілге жетік тұлға екендерін көрсетіп, білім мен байлықтың артықшылықтарын атап өтті. Сайысқа оқушылар белсене қатысып, ұтымды ойлар айта білді.
Дебат соңында төрешілер жеңімпаз команданы анықтап, белсенді қатысушыларға алғыс білдірді.