"№11 санаториялық мектеп-интернаты" КММ-де
"ӨНЕГЕЛІ ҰРПАҚ" АПТАЛЫҒЫ БАСТАЛДЫ
Мемлекет басшысының тапсырмасымен республика бойынша жүріп жатқан «Таза Қазақстан» экологиялық акциясына Түркістан облысы да белсене қатысуда. Акцияға, облысқа қарасты аудан/қала жұртшылығы мен Түркістан облысының білім басқармасына қарасты барлық білім беру ұйымдары мен мекемелері өз үлестерін қосып, тазалық жұмыстарына белсене қатысуда.
Экологиялық мәдениетті қалыптастыра отырып, отансүйгіштікке, табиғатты қорғауға, халықтың қоршаған ортаға деген сүйіспеншілігін арттыру мақсатын көздеген "Өнегелі ұрпақ" апталығын өңір аймақтарындағы барлық білім беру ұйымдары бастап кетті.
«Таза Қазақстан» республикалық экологиялық акциясына білім саласына қарасты әріптестерді, барлық мекеме/ұйымдарды белсене қатысуға шақырамыз!