"№11 санаториялық мектеп-интернаты" КММ-де 8 "А" сыныбының сынып жетекшісі П.Баубекова, тәрбиешілері Ш.Бердіқұлова, А.Сулейманова ата-аналар жиналысын өткізді.
Тақырыбы: "Алғашқы ұстаз — ата-ана".
Мақсаты: Бала тәрбиесінде ата-ананың алатын орнының ерекше екенін түсіндіру; ата-ана бойына өздерін тәрбиеші мұғалім ретінде қарауда қызығушылықтарын дамыту; баламен дұрыс тіл табысуға, сөйлеу мәдениетін үнемі қолдауға ой салу.
Көрнекілігі: қанатты сөздер жазылған плакаттар,суреттер, музыка әуені, ойын түрлеріне қолданылатын үлестірмелі парақшалар.
Жоспар.
1. Амандасу.
2. Баяндама.
3. Топтарға бөлу. Шаңырақ ойынын ойнайық.
4. Сөйлемді аяқтау.«Ой — өрісіңді тексер».
5. «Ассоциация» жазу.Өнегелі отбасы дегенді қалай түсінесіз?
6. Психологиялық тест. «Сіз қандай ата-анасыз?»
7. «Балаңызды қаншалықты танисыз» Көздерден тану.
8. «Бес саусақ» ойыны.
9. «Бес қадам» ойыны.
10. Кері байланыс «Жүректен жүрекке».
11. Қорытынды.
Жиналысқа мектеп директоры А. Юсупова мен тәрбие ісі жөніндегі орынбасары О.Салибеков қатысып керемет дәрежеде өтілгенін айтып, 8 "А" сынып мұғалімдері мен ата-аналарынасәттілік тіледі.




