Түркістан Облысының Білім Басқармасы
2023 жылы қазан айының 13 күні «№11 санаториялық мектеп-интернаты» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің 7 "А" сыныбында «Баға құнды емес, бала құнды» тақырыбында сынып тәрбиешілері Оразова Г, Әзімбек Ы, сынып жетекшісі А.Жарқынбаеваның жетекшілімен жаңа форматтағы ата-аналар жиналысы өткізілді. Жиналыстың мақсаты : Ата - ананың бала тәрбиелеудегі жауапкершілік сезімін, бала тәрбиесіндегі «мұғалім-бала – ата-ана» ынтымақтастығы,мектеппен тұрақты қарым - қатынасын қалыптастыру, балалар өмірінде ата-аналардың рөлі маңызды екендігі туралы мағлұматтар бере отырып, пікір алмасу, салауатты ұрпақ тәрбиелеуде жанұяның рөлін дамыту, ата-ана баланың бас ұстазы екенін түсіндіру, отбасындағы ата-ана құндылықтарын қалыптастыру.
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың 2023 жылдың 17 маусымда Түркістанда өткен Ұлттық құрылтайдың
«Әділетті Қазақстан – Адал Азамат» үндеуін талқылау. Жиналыс барысында ата-аналармен түрлі ойын, тренинг өткізіліп, аналар өз ойларымен бөлісті. Сонымен қатар ата-аналардың арасындағы қарым-қатынасты нығайту мақсатындағы ойындар мен әр баланың жеке тұлға екендігін айқындайтын тренгингтер болды. Жиналыс соңында мектеп-интернаттың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары О.Салибеков 2023-2024 оқу жылындағы мектептің жетістіктер мен жаңа оқу жылында ендірілген өзгерістерді және мектептің алға қойған мақсаты, қауіпсіздік шаралары туралы айтып өтті.
Күн тәртібіндегі барлық мәселелер толығымен қамтылып, қарастырылды.
Ата-аналар мектепке қатысты сұрақтарын қойып, көңілдеріне қонымды жауаптарын алып, мектеп әкімшілігі мен ұжымға толағай табыстар тіледі.



