Түркістан Облысының Білім Басқармасының "№11 санаториялық мектеп-интернаты" КММ-нің 1-сынып тәрбиешісі, зерттеуші-педагог Жанат Сапиева "Тазалық-саулық негізі" атты ашық тәрбие сағатын өткізді.
Мақсаты:Балаларға тазалық туралы түсінік беру, мәдени-гигиеналық және өз-өзін қызмет көрсету дағдыларын қалыптастыру. Оқушыларды тазалық құралдарын дұрыс пайдалана білуге үйрету. Оқушыларды тазалыққа, ұқыптылыққа, денсаулығын күтуге тәрбиелеу болды.
Иә, " Тазалық-саулықнегізі" деп бекер айтпайды. Әр адам жеке бас тазалығын, орта тазалығын сақтаса ол денсаулықтың кепілі болмақ. Адамның денсаулығы-қоғам байлығы. Әр бір адам өз денсаулығының мықты болу жолдарын қарастыру керек. Дені сау адамның көңіл-күйі көтеріңкі болып, еңбекке арқашан құлшына кіріседі. Халқымыз "Дені саудың жаны сау" деп орынды айтқан. Оқушылар, "Тазалықтың белгісі" тақпақтары, "Мақал сөздің мәйігі" жұмбақтары, Баланың өз ойын еркін жеткізе білуге үйрету тапсырмалары орындалды.
Директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Омар Салибеков ашық тәрбие сағатына оң бағасын беріп, шығармашылық табыс тіледі.