Түркістан облысы білім басқармасының “№11 санаториялық мектеп-интернаты” КММ-де
«Мамандық – өмір таңдауы» тақырыбында тәрбиеші А. Балғынбаева 9 «Б» сыныбымен ашық тәрбие сағатын өткізді.
• «Мамандық» құндылығы туралы түсінікті кеңейту;
•Мамандық таңдау мен оның нәтижесіндегі еңбек қуанышы жайлы ұғым қалыптастыру;
• Жеке тұлғаның сапалық қасиеттерін арттыру, кәсіби бағдар бере отырып, өзін-өзі тану аясын кеңейту;
• Оқушыларды терең білім алуға, үздіксіз еңбектенуге және еңбекқорлыққа тәрбиелеу.
Іс-шара барысында миға шабуыл, пікір алмасу, сұрақ-жауап, тренингтер, жұмбақ жасыру және ЖИ әдістері қолданылды.
• Қазығұрт ауданы қорғаныс істері жөніндегі бөлім бастығының орынбасары, капитан Қ. Шакиров,
• Қазығұрт ауданы қорғаныс істері жөніндегі бөлімінің инспекторы А. Самбетов,
• №11 колледждің аға шебер-оқытушысы Тілеу Бағдаулет Есімұлы қатысты.
Қонақтар оқушыларға мамандық таңдауға қатысты пайдалы кеңестер беріп, өздерінің өмірлік тәжірибелерімен бөлісті.
Сонымен қатар белгілі журналист Аман Тасыған арнайы бейнежолдау жасап, оқушыларға өз ақыл-кеңестерін жеткізді.
Іс-шара жоғары деңгейде өтіп, оқушылардың мамандыққа деген қызығушылығын арттырды.

