+7 771 367 63 68

KZ RU

14 желтоқсан

14 Желтоқсан 2024
16 ЖЕЛТОҚСАН-ТӘУЕЛСІЗДІК КҮНІ🇰🇿
🔰Түркістан облысы Қазығұрт ауданы "№11 санаториялық мектеп - интернаты" КММ- де "Біртұтас тәрбие" бағдарламасы аясында 16 желтоқсан-Тәуелсіздік күні мерекесіне орай 9- сынып тәрбиешісі Н.Қыдырбаева оқушыларға "Тәуелсіздік - тірегім,
Қазақстан - жүрегім" тақырыбында ашық тәрбие сабақ өткізілді.
🔰Мақсаты: Тәуелсіздіктің мәнін түсіндіру, оның еліміздің болашағы үшін маңыздылығын көрсете отырып оқушылардың
патриоттық сезімде тәрбиелеу және ұлттық сана-сезімді арттыру. Оқушыларды еліміздің тәуелсіздік алғанға дейінгі тамыры терең тарихымен және бүгінгі жетістіктерімен таныстыру. Өз еліне, жеріне деген сүйіспеншіліктерін арттыру.
📕Желтоқсан оқиғасына қатысушылар куәгері ретінде Б.Момышұлы атындағы ЖББМ нің география пәнінің мұғалімі Зинура Есенбаева Пердеқызы,
Қ. Сәтпаев атындағы ЖББМ мектеп - лицей ағылшын тілі және оқу ісі жөніндегі орынбасар Жанат Мырзашова Аманжоловна және Желтоқсан оқиғасының құрбаны болып ақталған, Қазығұрт аудандық желтоқсаншылар қоғамдық ұйымның төрайымы, Қазығұрт аудандық білім бөлімінің бас экономисті Асқарова Хадиша Серікбаевна мектебімізге "Тәуелсіздік-тірегім, Қазақстан-жүрегім" атты тәрбиелік іс-шарамыздың қадірлі қонағы болып, жылы лебіздерін білдірді. Және де, мектебіміздің директоры
А. Юсупова, тәрбие ісі жөніндегі орынбасар О. Салибеков, әлеуметтік педагог Ш.Ташқараева, ұйымдастырушы педагог
А. Қалдыбаева, тәлімгер Б.Тілепова, ұстаздар мен тәрбиешілер, 5 - 9 сынып оқушылары қатысып отырды.
📕Сабақ барысында оқушыларымыз Желтоқсан оқиғасынан және Тәуелсіздік таңы атқан күнінен көрініс көрсетіп , би билеп, өлеңдерін оқып, өз өнерлері мен білімдерін, белсенділіктерін көрсете алды.
📕Келешекте оқушыларым бір - бір мамандық иесі болып, Тәуелсіз еліміздің даму жолында өз үлестерін қосады деп сенеміз.
📕 Тәуелсіздік - баға жетпес бағымыз,
Қымбаттанда ең қымбат барымыз.
Тәуелсіздік - білектегі әліміз,
Тәуелсіздік - жүректегі әніміз. Тәуелсіздік еліміз мәңгі жасасын!
Тәуелсіздік күні құтты болсын!
Политика конфиденциальности
Рейтинг@Mail.ru
Данный сайт использует файлы cookie и прочие похожие технологии. В том числе, мы обрабатываем Ваш IP-адрес для определения региона местоположения. Используя данный сайт, вы подтверждаете свое согласие с политикой конфиденциальности сайта.
OK