+7 771 367 63 68

KZ RU

15 ақпан

15 Ақпан 2025

Түркістан облысының білім басқармасының "11санаториялық мектеп-интернаты" КММ де 🇰🇿"Ауғанстан соғысы ардагерлеріне құрмет" тақырыбында Кеңес әскерлерінің Ауғанстан жерінен шығарылғанына 36 жыл толуына орай және жастарды патриоттық сезімде тәрбиелеу мақсатында 2025 жылдың 15 ақпанда "11 санаториялық мектеп-интернаты" салтанат залында Ауғаныстан соғысына қатысқан ардагерлерімен кездесу болып өтті. 🇰🇿 Бұл кездесуге арнайы ауған соғысының ардагерлері Айдаркулов Талғат, Бейсебаев Көрікбай, Қужатов Бөрібай қадірлі қонағы болып қатысты. 🇰🇿 "Ер есімі-ел есінде" дегендей, Қазығұрт ауданынан шыққан Ауғанстан соғысында қаза болған Абдирахим Алпысбаев, Абдысамат Баратов, Абилхасим Муратов, Серік Базаров есімді жауынгер-интернационалистерді еске алу сәтінде барша салтанатты жиынға қатысушылар бір минут үнсіздікпен еске алды. 🇰🇿 9"А" - сынып тәрбиешілері А.Сулейманова, Ш.Бердикулова дайындаған тәрбиелік іс-шараны, көріністерді, кино үзінділерін, сахналық қойылымдарды көріп соғыс ақиқатын тағы бір еске алды. 🇰🇿 Соғыс ардагерлері сұқбат барысында "Әрбір жүрек елім деп соқсын, Отан алдындағы парызыңды өтеу, мемлекетіңе, еліңе деген сүйіспеншілікті, ұлтжанды сезімді қалыптастыру, арттыру біздің мақсатымыз, сендерден талап етеріміз де осы"-деп сол кезде бізге солай бұйрық берілді, біз орындадық деп әңгіме айтып, оқушылардың сауалдарына Ауғанстан соғысының ардагерлері жауаптарын берді. 🇰🇿 Ардагерлерге құрмет көрсетіліп сазды бағдарлама ұсынылып тамашалады. 🇰🇿 Директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары О.Салибеков ардагерлерді мерекелері мен құттықтап алтын уақыттарын бөліп келгендеріне АЛҒЫС білдірді. 🇰🇿 Тәрбиелік іс-шараны 9"А"-сынып ұжымымен дайындаған сынып тәрбиешілеріне, жетекшісі не шығармашылық табыс тіледі. 🇰🇿 "Сурет - ертенгі тарих" дегендей, ардагерлермен оқушылар естелікке суретке түсті.

Политика конфиденциальности
Рейтинг@Mail.ru
Данный сайт использует файлы cookie и прочие похожие технологии. В том числе, мы обрабатываем Ваш IP-адрес для определения региона местоположения. Используя данный сайт, вы подтверждаете свое согласие с политикой конфиденциальности сайта.
OK