+7 771 367 63 68

KZ RU

15 сәуір

15 Сәуір 2025
Өнер фестивалі – 2025
2025 жылдың 14 сәуір күні Түркістан облысы білім басқармасының «Облыстық қосымша білім беруді дамыту орталығы» КММ-нің ұйымдастыруымен облыс көлеміндегі мектеп-интернат білім беру ұйымдары арасында «Біртұтас тәрбие» бағдарламасын насихаттау мақсатында «Біздің бірлігіміз – болашақтың білімінде!» атты өнер фестивалі өтті. Аталмыш шараны «№11 санаториялық мектеп-интернаты» КММ жоғары деңгейде қабылдап, өз шаңырағында өткізді.
Фестивальге арнайы қонақтар – Түркістан облысы білім басқармасының «Облыстық қосымша білім беруді дамыту орталығы» КММ-нің әдіскерлері Айтов Мырзарайым және Көшенов Алмат қатысып, қазылар алқасының мүшесі ретінде өнерпаздарға әділ бағасын берді.
Фестиваль аясында мектеп-интернаттың фойесінде оқушылар мен мұғалімдердің шығармашылық еңбектерінен құралған қолөнер көрмесі ұйымдастырылды. Көрмеге ұлттық нақыштағы бұйымдар, тұрмыстық заттардың креативті үйлесімдері, композициялық жұмыстар және оқушылардың жеке шығармашылық туындылары қойылды. Қазылар алқасы көрменің мазмұнын жоғары бағалап, қатысушылардың ізденісі мен еңбегіне оң пікір білдірді.
Фестиваль бағдарламасы мектеп-интернаттың тәрбиешісі, облыстық «Өнерлі ұстаз – 2021» байқауының жүлдегері Әзімбек Ынтымақ пен дене шынықтыру пәнінің мұғалімі Мирзабаев Арманбектің жүргізуімен өрбіді.
Концерттік бағдарлама барысында мектеп ұжымы мен оқушылар көпшілікке өз өнерлерін паш етті. Сахнада:
• Хор ұжымы «Аманат» әнін орындады;
• «Жұлдыздар» би тобы «Ферғананың қыздары» өзбек биін және «Шалқыма» қазақ биін ұсынды;
• 7 “б” сынып оқушысы Иргашбай Ләйлә «Аяулы ана» әнін орындады;
• 9 “б” сынып оқушысы Оразбек Нұргелді «Алаш ұраны» әнімен көрерменді тебірентті;
• «Бала арманы» атты театрландырылған қойылым сахналанды;
• Көркем сөз оқылып, оқушылар өз шығармашылықтарымен бөлісті;
• Халық аспаптар ансамблі, ВИА және жеке орындаушылар өз өнерлерін ортаға салды;
• 3 “а” сынып оқушысы Азодбек Хамидов «Тәуелсіздіктің таңы» әнімен фестиваль шымылдығын жапты.
Фестиваль соңында қазылар алқасы барлық қатысушылардың өнеріне оң бағасын беріп, үздік деп танылған өнерпаздарға мадақтамалар табыстады. Жетекшілерге алғыс білдірілді.
Мектеп директоры Айгуль Мирзалиева және тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Омар Тілеуович қатысушылар мен ұйымдастырушыларға ризашылықтарын білдіріп, шығармашылық табыс пен сәттілік тіледі. «Бүгінгі сурет — ертеңгі тарих» дегендей, естелік суретке түсіп, ерекше көңіл-күймен тарқасты.
Политика конфиденциальности
Рейтинг@Mail.ru
Данный сайт использует файлы cookie и прочие похожие технологии. В том числе, мы обрабатываем Ваш IP-адрес для определения региона местоположения. Используя данный сайт, вы подтверждаете свое согласие с политикой конфиденциальности сайта.
OK