Түркістан облысының білім басқармасының “№11 санаториялық мектеп интернаты” КММ-де “ОҚУҒА ҚҰШТАР МЕКТЕП” жобасы аясында “Мен оқыған бір ертегі “ , “Бір сынып - бір кітап “ челленджінің жоспарына сай мектеп кітапханасында 8 "а" сынып оқушылары Бейімбет Майлиннің «Шұғаның белгісі» повесін сахналады.
Мақсаты: Бейімбет Майлиннің жазушылық өмір дерегін, шығармаларын оқушыларға түсіндіру, жастарды отансүйгіштікке, патриоттық сезімге баулу, тарихи ұлттық құндылықтарымыздыкеңінен насихаттау.
«Шұғаның белгісі » қазақ прозасының шоқтығы биік туындыларының бірі. Шығармада әйел - ананың жанкешті тағдыры мен өмір шындығы, заман тынысы және халықтың әлеуметтік жағдайына баса назар аударады.
Оқушылар Бейімбет Майлиннің өмір жолын, шығармаларын баяндады.Оқушылар көрініске жоғары дәрежеде дайындалған.