“№11 санаториялық мектеп интернаты” КММ-де барлық сыныптарда оқушыларды кітап оқуға деген қызықтыру, сауаттылығын арттыру, сөйлеу дағдыларын қалыптастыру мақсатында «Бір сынып- бір кітап» челленджі ұйымдастырылуда.15 - ақпан күні 2 "а" сынып оқушылары «Қоянның қалындығы» ертегісін оқып сахналады.
Мақсаты: Ертегілер арқылы балаларды адамгершілікке, мейірімділікке және адалдыққа , еңбексүйгіштікке тәрбиелеу. Қалыңдықтың рөлін Түктібай Айдана, ханзаданы Нәби Даулет, қоянныңрөлін Тулеген Марлен, Утегенова Раяна керемет сомдап шықты. Балалардың өздері де жаксы әсер алды.
Сабаққа енген директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары О.Салибеков оң бағасын беріп, тәрбиешілерге шығармашылық табыс тіледі.