Түркістан облысының білім басқармасының "11 санаториялық мектеп-интернаты" КММ де Мемлекет басшысының "Таза Қазақстан" экологиялық акциясы аясында санитарлық-тазалықты қамтамасыз ету мақсатында мектеп-интернат ауласында сенбі күні сенбілік өткізілді. Сенбілікке кіші техникалық қызметкерлері, сынып тәрбиешілері мен 8-9 сынып оқушылары ерікті түрде жұмылдырылды. Бұл іс-шараның мақсаты; мектеп ауласын, мәдениет денгейін арттыру арқылы, экологиялық акцияға қолдау көрсету және өскелен жас ұрпақты еңбек сүйгіштікке, патриоттық тәрбиеге баулудың бір белгісі болады,-деп ДТІЖО О.Салибеков оқушыларды шабыттандырыды.