"Ұлттық киім күні" құтты болсын!
Қазақтың ұлттық киімі-бұл мәдени мұраның тамаша үлгісі ғана емес, сонымен қатар ғасырлар бойы жалғасып келе жатқан әдемілік пен ұлылықтың көрнісі. Әр-түрлі барқыт, берен, бүлде, мақпал, баршын , пүліш, былғары секілді маталар мен қоса жануар, табиғат, геометриялық сипаттағы ою-өрнектердің үйлесімі-көшпенділердің тарихы мен өмір салтын бейнелейтін символдық мән.
Ұлы халықтың дәстүрлері мен мәдениетін ұрпақтан ұрпаққа жеткізіп,көшпелі өмір салтының байлығы мен даналығын бейнелейді. Бұл шаңырақ күні отбасы құндылықтарын дәріптеу мақсатында "№11 санаториялық мектеп-интернаты" КММ-де тәрбие бірлестігінің ұйымдастыруымен, директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары О.Салибеков барша көпшілікке "Наурыз бата" беріп, елімізге бақ-береке тіледі. Сөз қасиеті мен қадірін жете түсінген қазақ бата беруге, бата алуға аса мән берген. Шынайы жүректен шыққан бата ғана қабыл болады дегендей, көшпелі өмірдің келбетіне айналған бата-қазақ салт-дәстүрінің ішінде әлі күнге дейін қолданыста жүрген дәстүрдің бірі.Сондықтан бата оқылған кезде үлкен-кіші әр сөзін ықыласпен тыңдайды. Батаның адам санасына әсер ететін үлкен күші бар. Халық бата жасалған жерде жақсылыққа сеніп, ыңтымақ, береке болады деп ырымдайды.
Тәрбиешілер бірлестігінде бұл күні құрылған Шаңырақтар бірінде тағы өмірге сәби келіп, көрші-қоланды бесік тойға шақырылып, Бесік салар тойы өткізілді. Сәбиді бесікке салу рәсімі, жасы үлкен ақ жаулықты әже, Даналық мектебінің төрайымы, Б.Урматоваға үлкен құрметпен берілді. Бұл күні мектеп ұжымы Ұлттық киім үлгісін дәріптеу, насихаттау мақсатында белсенділік таныта білді.