+7 771 367 63 68

KZ RU

19 желтоқсан

19 Желтоқсан 2023
Түркістан облысының білім басқармасының "№11 санаториялық мектеп-интернаты" КММ-де 1-сынып тәрбиешілері зерттеуші-педагогтар Н.Раймова, Ж.Сапиева "Ертегілер елінде" тақырыбында ашық тәрбие сағатын өткізді. Мақсаты: Оқушыларды адамгершілікке, еңбек сүйгіштікке тәрбиелеу. Оқушылардың ой-өрісін кеңейту,адам бойындағы ұнамды, ұнамсыз қылықтарын ертедегі кейіпкерлер арқылы ажырата отырып әдеп әліппесін бойына дарыту, тіл байлығын, таным белсенділігін арттыру болды.
Ашық сабақбірнеше негізгі бөлімдерді құрады. Атап айтқанда; "Алғашқы қадам", "Сиқырлы әлем", "Ойлан тап", "Ертегілер елінде" аялдамаларынан оқушылар жақсы орындап шықты, "Түлкі мен қоян" ертегілерінен сахналық қойылым көрсетті. Ашық тәрбие сағатқа қатысқан ата-ана Бекболатова Феруза , менің қызым Есенгелді Раяна деді,- мен өзімде Сарапхана елді мекенінде бала бақшада тәрбиеші болып істеймін, мына сабаққа қатысып көрермен көзайымы болдым деп, өте бір керемет не деген дайындық 24 оқушыны толық қамтылған, бәрі де карнавалдық киіммен, Жанат, Нұржамал тәрбиеші апайлырына айтар алғысым шексіз,-деді.
Директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары О.Салибеков, бірлестік жетекшісі Л.Наушабекова, тәрбиеші әріптестері он бағасын беріп Н.Раймоваға, Ж.Сапиеваға шығармашылық табыс тіледі.
Политика конфиденциальности
Рейтинг@Mail.ru
Данный сайт использует файлы cookie и прочие похожие технологии. В том числе, мы обрабатываем Ваш IP-адрес для определения региона местоположения. Используя данный сайт, вы подтверждаете свое согласие с политикой конфиденциальности сайта.
OK