+7 771 367 63 68

KZ RU

2 сәуір

02 Сәуір 2024
Түркістан облысының білім басқармасының "№11 санаториялық мектеп-интернаты" КММ-де Оқушылар арасында "Қазақстан-біздің жалғыз ғана Отанымыз" атты өнер фестивалі өтті. Фестивалдің негізгі мақсаты: Ел ішінде талантты, өнерлі балалар мен жасөспірімдерді анықтау, сахнада жеткіншектердің талабын қолдап, талантын ашу болды. Отансүйгіштікке, адамгершілікке, халқына адал қызмет етуге, елінің Туын, Елтаңбасын, Әнұранын қастерлеп, құрметтеуге, халқының тегін, тарихын білуге тәрбиелеуболды.
Фестиваль-байқаудың қазылар алқасы "Облыстық қосымша білім беруді дамыту орталығы" КММ нің бас мамандары мен әдіскерлері, қазылар алқасының төрайымы К.Ныгметова бастаған топ, көрме және қолөнер бұйымдарымен танысып, мәжіліс залдағы фестивалдің концертік бағдарламасын тамашалап музыкалық-өнердің түрлі жанырларына жоғары баға беріп, оқушылардың орындауларына тәнті болған қазылар алқасы он бағасын беріп, мектеп ұжымына, жетекшілеріне ризашылығын білдіріп, барлық жаныр, хор ұжымы, театр ұжымы, бишілер ұжымы, сазгерлер мен шығармашылық ұжымы, көркем сөз оқығандарды, ВИА және эстрадалық жеке орындаушы талантты оқушыларды мақтап мадақтамамен марапаттады.
Мектеп директоры А.Юсупова, директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары О.Салибеков қазылар алқасына, фестивалге қатысып өнер көрсеткен оқушыларға, олардың жетекшілеріне, мұғалімдеріне, тәрбиешілеріне "еңбек бәрін жеңбек" деп,- алғысын айтты.
Политика конфиденциальности
Рейтинг@Mail.ru
Данный сайт использует файлы cookie и прочие похожие технологии. В том числе, мы обрабатываем Ваш IP-адрес для определения региона местоположения. Используя данный сайт, вы подтверждаете свое согласие с политикой конфиденциальности сайта.
OK