ҚЫЗДАР ЖИНАЛЫСЫ
«№11 санаториялық мектеп-интернаты» КММ-де 2024-2025 оқу жылының 16- қаңтарында "Біртұтас тәрбие" бағдарламасы аясында 5-9 сынып қыздарымен мектепішілік қыздар ұйымы 3 тоқсан алғашқы қыздар жиналысы болып өтті.

Жиналысқа қатысқандар:
Қыздар ұйымының жетекшісі: Ы.Әзімбек
Тәлімгер:Б.Тлепова
Психолог:А.Сейдалиев
Ұйымдастырушы педагог:Ә.Қалдыбаева
Медбике:А.Молдағалиева
ҚББП Н.Қыдырбаева

Мақсаты: Қыз балаларға адамгершілік, адалдық, іс-қимыл, жүріс-тұрыс дағдысы, қыз намысы,қазақ халқының ұлттық болмысын сақтай отырып, қыздарға жат қылықтарды ажырата білуге, олардың денсаулығына, тәрбиесіне келтіретін зияны туралы түсінік беру, олардың ішкі және сыртқы жан дүниесінің әдемі болуына шақыру.

Жиналыс барысында оқушыларға бүгінгі таңда жасөспірімдер арасында орын алып жатқан келеңсіз оқиғалар, нашақорлық, есірткі зияндары, әлімжеттік пен бұзақылық, буллинг, кибербуллингтің алдын алу туралы айтылып, мектептің ішкі тәртіп ережесін сақтау, мектеп формасын сақтау бойынша түсіндірме жұмыстары жүргізілді.