Түркістан облысының білім басқармасы
"№11 санаториялық мектеп интернаты" КММ-де 8"а" сынып тәрбиешісі А.Сулейманова "Тәуелсіздік - тұғырым" тақырыбында ашық тәрбие сағатын өткізді
Сабақтың мақсаты: Оқушыларға желтоқсан оқиғасы туралы тарихи мәлімет беру. Тәуелсіздіктің қандай қиын жолдармен келгендігін ұғындыру . Егемендікті бағалауға ұлтжандылыққа патриотизмге тәрбиелеу, Отанға, туған жерге деген сүйіспеншілігін сезімін ояту. "Тәуелсіздік тұғырым" тақырыбындағы тәрбиесағаты халқымыздың тәуелсіздікке жету жолындағы ерлік күресі мен қазіргі Қазақстанның жетістіктеріне арналады. Қазақстан Республикасының мемлекеттік әнұраны. Тәуелсіздік жолында күрескен Алаш зиялыларымыз туралы "Бес арысым, жолбарысы" көрінісі көрсетілді.
Алаш қайраткерлерінің азаттық идеясын жалғастырған қыршын кеткен арыстардың аманатын арқалаған кейінгі толқын іні қарындастары1986жылдың желтоқсанында тәуелсіздік үшін күресе білді. "Желтоқсан оқиғасының басталуы", Қ.Рысқұлбеков туралы көріністер қойылды. "Жылдар сөйлейді", "Шаңырақ", "додокаэдр" әдістері қолданылды. Оқушылар сабаққа белсенді қатысты.
Сабақ керемет дәрежеде өтілді. Сабаққа енгендер директордың тәрбие жөніндегі орынбасары О.Салибеков, аға тәрбиеші Л.Наушабекова, Ш.Бердикуловалар он бағасын беріп, шығармашылық табыс тіледі.