+7 771 367 63 68

KZ RU

21 қазан

21 Қазан 2025
«Жол таптым, бар халықтың жүрегіне»
Сәбит Мұқановтың 125 жылдығына арналған әдеби кеш
📖 Түркістан облысы білім басқармасының «№11 санаториялық мектеп-интернаты» КММ-де қазақ әдебиетінің көрнекті өкілі, ұлт руханиятының асыл тұлғасы Сәбит Мұқановтың 125 жылдық мерейтойына арналған «Жол таптым, бар халықтың жүрегіне» атты әдеби кеш өткізілді.
Іс-шараны мектеп кітапханашылары ұйымдастырды. Кеш барысында оқушылар мен қатысушылар жазушының өмірі мен шығармашылығына шолу жасап, оның әдеби мұрасындағы мәңгілік тақырыптарға тоқталды. Әсіресе, оқырман жүрегінен ойып орын алған «Мөлдір махаббат» романына әдеби саяхат жасалып, туынды кейіпкерлерінің бейнесі сахна төрінде қайта жанданды.
Кеште оқушылар жүрек тебірентер өлеңдер оқып, сахналық көріністер көрсетті, өз ой-пікірлерімен бөлісті.
Іс-шараның негізгі мақсаты – жас ұрпақты кітап оқуға баулу, рухани құндылықтарды дәріптеу және қазақ әдебиетінің ұлы тұлғаларын ұлықтау болды.
Белсенділік танытқан оқушылар марапатталып, көрермендерге көтеріңкі көңіл-күй сыйлады.
✨ Әдеби кеш өз мақсатына жетіп, қатысушыларға терең әсер қалдырды.
Политика конфиденциальности
Рейтинг@Mail.ru
Данный сайт использует файлы cookie и прочие похожие технологии. В том числе, мы обрабатываем Ваш IP-адрес для определения региона местоположения. Используя данный сайт, вы подтверждаете свое согласие с политикой конфиденциальности сайта.
OK