+7 771 367 63 68

KZ RU

22 сәуір

28 Маусым 2024
Түркістан облысының білім басқармасының "№11санаториялық мектеп-интернаты" КММ-нің 8 "а" -сынып тәрбиешісі Ш.Бердикулова "Отбасы-бақыт мекені" тақырыбында ашық тәрбие сағатын өткізді.
Мақсаты: Отбасы құндылықтарын дәріптеу, бала тәрбиесіндегі ата-ананың көз қарасын кеңейту, ұстаз-оқушы-ата-ана өзара қарым-қатнастарын жақсарту. Оқушылардың отбасындағы сүйіспеншілік, сыйластық сезімдерді нығайту болды. Тәрбие-отбасынан басталады, болашақ, ұрпақтың еліне, Отанына дегенсүйіспеншілігі алдымен ата-ананың ықпалымен қалыптасады "Дәулет есіктен, ақыл бесіктен кіреді" демекші білім бесігі мектептен, тәрбие бесігі отбасынан бастау алады. Отбасының екі тірегі- әлпештеген әке мен аялаған ана. Ата-анаға үлкенге қызмет етіп, әкеңнің еңбегін, анаңның ақ сүтін өтеу-біздің борышымыз. Ата-ана отбасының негізгі діңгегі, бастапқы дәнекері. Бала әкеден ақыл, анадан мейрім алады. Әке туралы айтсақ, әке отбасының асыраушысы, қамқоршысы. Ана-отбасының ұйтқысы, жылуы, шуағы. Отбасы-адам баласының түп қазығы, алтын ұясы,-деп толық түсіндіріп айтып өтті Ш.Бердикулова. "Әке", "Ана" әндері орындалды, "Соқыр ана" көрнісі көрсетілді. Ата-аналармен онлайн тренинг, біз ата-анамызды жақсы білеміз бе?/оқушылар/ мақал-мәтелдер, би жаттығулары орындалды. Қазақ отбасында әуелі әке, содан кейін-шеше, бұлар-жанұя мектебінің ұстаздары болады. Әке мен шешенің баласына қоятын ең бірінші басты талап-тілектері баланың "әдепті бала" болып өсуі. Сондықтан қазақ жанұсы әрдайым: "Әдепті бол, тәрбиесіздік етпе, көргенсіз болма" деген сияқты сөздерді балалардың құлағына құйып өсірген деп қорытындылады.
Директор А.Юсупова, директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары О.Салибеков, тәрбиеші әріптесі А.Сулейманова оң бағасын беріп, шығармашылық табыс тіледі.
Политика конфиденциальности
Рейтинг@Mail.ru
Данный сайт использует файлы cookie и прочие похожие технологии. В том числе, мы обрабатываем Ваш IP-адрес для определения региона местоположения. Используя данный сайт, вы подтверждаете свое согласие с политикой конфиденциальности сайта.
OK