"№11санаториялық мектеп-интернаты" КММ-де
"16-желтоқсан Тәуелсіздік күні" мерекесіне орай спорт нұсқаушысы Салыбеков Болат және №1 БЖСМ жаттықтырушысы Қасымбеков Сүндеттің ұйымдастыруымен 20.12.2024 ж. Шахматтан "Жеңіске жетелейтін жүріс" атты мектепішілік біріншілік өткізілді.
Жарыстың мақсаты: Тәрбиеленушілердің жылдам ойлануы, тез шешім қабылдай алуы, зейінділігін дамытып, жеңіске деген құштарлығын, ерік жігерін арттыру.
Шахмат ойыны—бұл адамның мінез-құлқынөзі басқаруға, қоғамдық тәжірибені қалыптастыруға арналған іс- әрекеттердің бір түрі болып табылады.
Жарыс жас ерекшелігіне қарай 3 топқа бөлініп, жеңімпаз атанған оқушылар мақтау қағаздарымен марапатталды.