Түркістан облысы білім басқармасының “11 санаториялық мектеп-интернаты” КММ-нің оқушылары “Ашық есік күні” іс-шарасында Түркістан облысы білім басқармасының “11 санаториялық мектеп-интернаты” КММ-нің директорының тәрбие жұмысы жөніндегі орынбасары О. Салибеков, ҚББП Н. Қыдырбаева, тәлімгер Б. Тлепова және 9 сынып бітіруші түлектері Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың 2025 жылды “Жұмысшы мамандықтар жылы” деп жариялауына орай “11 колледж” МКҚК ұйымдастырған “Ашық есік күні” іс-шарасына қатысты. Кәсіби бағдар берудегі ынтымақтастық “Біртұтас тәрбие” бағдарламасы аясында “11 санаториялық мектеп-интернаты” КММ-нің 8-9 сынып оқушылары мен “11 колледж” МКҚК-і кәсіби мамандарының, үгіт-насихат тобының қатысуымен кездесулер мен саяхаттар ұйымдастырылып, кәсіптік бағдар беру жұмыстары нығая түсуде. “Ашық есік күні” іс-шарасына Қазығұрт ауданының әкімі Азизхан Исмаилов, Қазығұрт ауданы ардагерлер кеңесінің төрағасы Аманбай Омаров, аудан әкімінің орынбасары Мадияр Оразалиев, “11 колледждің” ардагер ұстазы О.Мусакулов, сондай-ақ ауданның құрметті азаматтары, Социалистік Еңбек Ері Төле Ағабеков пен еңбек ардагері О.Райымбеков қатысты. Сонымен қатар, “11 колледж” МКҚК директоры Талғат Мақсутов жастарға жұмысшы мамандықтарының мәртебесін көтеру, еңбекқорлыққа баулу және кәсіби мамандықтарды таңдауға бағыт-бағдар беру мақсатында сөз сөйледі. Жастарға кәсіби бағыт-бағдар беру Іс-шара барысында колледждің бітіруші түлектері мен жастары болашақ мамандықтары жайлы кеңінен ақпарат алып, аға буын өкілдерімен тәжірибе алмасты. “11 колледж” МКҚК директоры Талғат Мақсутов колледж тарихымен, қазіргі мамандықтармен таныстырып, болашақта автоэлектрик, ветеринария, электрик және басқа да жаңа мамандықтарды ашуды жоспарлап отырғанын айтты. Бұл іс-шара мектеп түлектеріне кәсіби бағыт-бағдарын дұрыс таңдауға, еңбек нарығына даяр болуға және жұмысшы мамандықтарының маңыздылығын түсінуге мүмкіндік берді. Сонымен қатар, жастарды болашақта оқу орнымен және кәсіп орындарының жұмыс орнымен жақын таныстырып, мамандық таңдауда сенімділікке жетелеуді мақсат етті.