«№11 санаториялық мектеп-интернаты» КММ-де әлеуметтік педагог Ш. Ташқараева, қосымша білім беру педагогы Н. Қыдырбаева және кітапханашы К. Таспалтаеваның ұйымдастыруымен мәнерлеп оқу байқауы өткізілді. Байқау 6–8 сынып оқушылары арасында өтті.

Байқаудың мақсаты:
– білім алушылардың тілді және өзге ұлттар мәдениетін құрметтеу сезімін қалыптастыру;
– Қазақстан Республикасында мекен ететін халықтардың салт-дәстүрлерімен таныстыру;
–оқушылардың шығармашылық қабілеттерін дамыту.

Конкурсқа қатысушылар туған жер, Отан, халықтар достығы жайлы өлеңдер оқыды. Оқушылар тек мәнерлеп өлең оқып қана қоймай, Отан тақырыбына қатысты сұрақтарға да жауап берді.

Сайыс қорытындысы бойынша жүлделі орындарға ие болғандар:

8 «Б» сынып оқушысы Иргешбай Ләйлә – І орын

8 «А» сынып оқушысы Бунигина Махаббат – ІІ орын

7 «А» сынып оқушысы Қожабек Сезім және 8 «Б» сынып оқушысы Қалдар Аружан – ІІІ орын
Сонымен қатар, келесі оқушылар ерекше номинациялармен марапатталды:

6 «А» сынып – Кузенбай Ақниет

8 «А» сынып – Наурызбай Айзере

7 «А» сынып – Абдулла Сымбат

6 «А» сынып – Иргешбай Жанерке

6 «А» сынып – Абдукадир Гүлсезім