+7 771 367 63 68

KZ RU

25 қараша

25 Қараша 2024
"АТА- АНАЛАР ЖИНАЛЫСЫ"
⚜️"№11 санаториялық мектеп- интернаты"КММ-де 2024 жылдың 22 қараша күні 9"Б" сынып ата-аналарына тәрбиеші Қыдырбаева Нұргүл және сынып жетекшісі Досыбекова Гүлназ ұйымдастыруымен “Баланың бас ұстазы ата-ана” тақырыбында ата-аналар жиналысын өткізді.
🌷Күн тәртібінде қаралған мәселелер:
1. 2024-2025 оқу жылының І тоқсан қорытындысы, мектептің ішкі тәртіпережесі
2. “Балалардың қауіпсіздігі-маңызды мәселе” тақырыбындағы қауіпсіздік ережелерімен таныстыру
3. ⁠Түрлі мәселелер ( техника қауіпсіздігі, жол қауіпсіздігі, оқушылардың үйірме, секцияларға қатысуы, және т.б.)
Ата-аналар жиналысының көздеген басты мақсаты - бала тәрбиесіндегі ата-ананың алатын орнының ерекше екендігін түсіндіру, әр отбасының бала тәрбиесіне белсене қатысуының маңызын арттыру, баланың жақсы әдеттерді бойына сіңіріп өсу жолдарын ата-аналар мен бірлесе қарастыру болды.
Жиналыс барысында ата-аналар жақсы көңіл күйде ойындар ойнап, сұрақтарға жауап беріп, пікір алмасу болды. Жиналыс ата-ана мен кері байланыс форматында жүргізілді.
“Ата-аналарға тілек” , “Болашақта балаңның қандай болғанын қалайсың” тренингін жүргізді. Ата-ана өз баласының білім сапасының деңгейін, тоқсандық оқу қорытындысын, бала қауіпсіздігін, тәрбие жөніндегі жетістіктері туралы жеке мәлімет ала білді. Ата -аналар мектепке қатысты сұрақтарын қойып,көңілдеріне қонымды жауаптарын алып, ұжымға толағай табыстар тіледі.
Политика конфиденциальности
Рейтинг@Mail.ru
Данный сайт использует файлы cookie и прочие похожие технологии. В том числе, мы обрабатываем Ваш IP-адрес для определения региона местоположения. Используя данный сайт, вы подтверждаете свое согласие с политикой конфиденциальности сайта.
OK