+7 771 367 63 68

KZ RU

25 қазан

25 Қазан 2024

Түркістан облысының білім басқармасының "11 санаториялық мектеп-интернаты" КММ де 25- қазан Республика күні мерекесіне орай "Өнерлі ұстаз-2024" мектепішілік байқауы жарияланған болатын. Дәстүрлі жылда өтілетін мектепішілік байқауға бес ұстаздан қатысуға өтінім түсті. Байқау 23.10.2024ж. күні мектеп АКТ залының сахна төріне қатысушылар құрметпен шақырылды. Жеребе арқылы байқау шарттарын орындауға кірісіп өз бақтарын сынады. 1. "Өзін-өзі таныстыру" кезеңі. 2."Дублер күні" кезеңі. 3. "Өнер" кезеңі. Осы үш шарт бойынша қазылар алқасы ұстаздың тарихи танымдылығын, педагогикалық-псхологиялық салауаттылығын, шығармашылық талантын, тәрбие жүйесінде ұстаздардың жаңа технологиялардың дамуы кезеңінде болашақ ұрпақтың тәрбиесі мен білім алуын ерекше көңіл бөлу, жаңартылған білімдегі тәжірибелерімен өзара бөлісу сәттерін, өз өнерлерін, ән шығармашылығының зерделеу және насихаттау арқылы олардың еңбектерін сараптама жасап, байқау өз мәресіне жетіп қорытындыланды. Байқау нәтижесінде 3-орынды тәрбиеші Қыдырбаева Нұргул, 2-орынды Дәулетбекова Айдана, 1-орынды бастауыш сынып мұғалімі, зерттеуші-педагог, 22-жыл еңбек өтілі бар Абылкаликова Айнур Сайлаухановна иеленіп, облыстық "Өнерлі ұстаз-2024" байқауына қатысуға жолдама берілді. "ӨНЕРЛІ ҰСТАЗ-2024" байқауына қатысушыларға, облыстық байқауға қатысушы жеңімпазға қазылық жасаған директордың оқу ісі жөніндегі орынбасары Е.Амірбеков, әлеуметтік-педагог Ш.Ташқараева, директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары О.Салибеков және директор А.Юсупова мектеп ұжымын мерекемен құттықтап, байқауға қатысушыларға шығармашылық табыс, жеңімпазымызға облыста мектебіміздің абройын қорғауға сәттілік тіледі.

Политика конфиденциальности
Рейтинг@Mail.ru
Данный сайт использует файлы cookie и прочие похожие технологии. В том числе, мы обрабатываем Ваш IP-адрес для определения региона местоположения. Используя данный сайт, вы подтверждаете свое согласие с политикой конфиденциальности сайта.
OK