"МЕКТЕБІМ, САҒАН МЫҢ АЛҒЫС!" атты бітіруші түлектерге арналған соңғы қоңырау мерекелік іс-шарасы өткізілді...





Түркістан облысы білім басқармасының "№11 санаториялық мектеп-интернаты" КММ-де 2024 жылдың 25 мамыр күні "МЕКТЕБІМ, САҒАН МЫҢ АЛҒЫС!" атты соңғы қоңырау болып өтті.
Міне, тағы бір оқу жылы аяқталып, біздің мектебіміздің бітіруші түлектері бүгінгі салтанатты жиында балалықпен, мектеппен қоштасқалы тұр.
Іс-шара барысында мектеп директоры Юсупова АйгульМырзалиевна мерекелік іс-шараны ашып, бітіруші жас түлектерге жүрек жарды ыстық лебізін білдірді. Және де 2023-2024 оқу жылының қорытындылай келіп, апай ағайларды, тәрбиеші апайларды құрмет грамотасымен, алғыс хаттармен марапаттады. Мектебіміздің үздіктері де марапатталды.
Аталмыш мерекеге мектебіміздің ҚР білім беру ісінің құрметті қызметкері, деректордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары О. Т. Солибеков, Абуова Сара апай ардагер ұстаз, оқу ісі жөніндегі орынбасары Е. Амирбеков жәнеде ата-аналар комитетінің төрайымы Кыстаубаева Маржан, Избасарова Шолпан т.б ата аналар қатысып, бітіруші түлектерге жылы лебіздерін білдірді. Мектебіміздің мың бұралған бишілеріміз билеп, 8 "Б" сынып оқушысы Ерубаева Хадиша "Ұстазым" әнін шырқады. Керемет мерекелік іс-шараның куәсі болды.
Мектебіміздің мақтанышы, "АЛТЫН БЕЛГІГЕ" үміткер алтын ұя мектебі мен ұстаздарға деген ыстық лебіздерін өзі білдірді.
9-сынып түлектері өздерінің қоштасу вальсін билеп, "Қимай тұрмын әнін" шырқап, қимастық сезімін білдірді. Ендеше, бітіруші түлектерімізге сәт-сапар тілейміз! Қанаттарың талмасын, жас түлектер!