"№11 санаториялық мектеп-интернаты" КММ-де әлеуметтік педагог Ташқараева Шархия 9 "Б" сынып оқушыларымен «Қатыгездіксіз зорлық –зомбылықсыз балалық шақ» тақырыбында іс-шара өткізді.
Мақсаты: Білім алушыларға зорлық -зомбылық туралы қысқаша ақпарат беру, адамның ең жаман қасиеттерінің бірі екенін айту.
Білім алушыларға адамның құқықтарымен бас бостандықтарын қорғауы туралы қысқаша мағлұмат беру, пікір алмасу.
Жаман әдеттерден бойларын аулақ ұстап,ондай әрекеттерге бармауға тәрбиелеу, адамгершілігі мол саналы азамат болып өсуіне ықпал жасау.
Түркістан облысының білім басқармасы "№11 санаториялық мектеп-интернаты" КММ 4"б"-сынып тәрбиешісі Г.Арипова " Балаға мейрімді Қазақстан" тақырыбында ашық тәрбие сағатын өткізді.
Мақсаты:Оқушының құқықтары мен міндеттері туралы білімдерін толықтыру. Оқушыларды адам құқықтарына оқыта отырып, түсініктерін қалыптастыру. Өз міндеттері мен құқықтарын білуге үйрету. Қазақстанның болашағына үлесін қоса білетін білімді де, ізденімпаз ұрпақ етіп тәрбиелеу болды. Тәрбие сағатымынандай сұрақпен басталды, -Балалар "Есім алуға" құқықтарын бар ма? Қалай ойлайсындар? Осы арада "Есім" ойынын ойнайық. Қәзір әрқайсымыз есімімізге сын есім қосып айтайық, яғни сын есім де, есім де бірдей әріптен басталуы қажет. Мысалы: Намысты-Нұргүлмін.
Туу туралы куәлік-бұл сендердің алғашқы құжаттарың. Ал онда тағы не туралы жазылған? Кім біледі? Шағын дәріс "Сендердің құқықтарың туралы Конвенция" 20-қараша-бұл дүниежүзілік балалардың құқығын қорғау күні. Бұл күні " Балалар құқығы" туралы халықаралық Конвенциясы қабылданған. Конвенцияда жазылған бұл құжат 1989 жылы 20-қарашада БҰҰ-да қабылданды. "Дауыстап оқиық және есте сақтайық" Тақтада жазылған құқықтармен танысады. Балдар сендер не істеуге құқылысыңдар? Не істеуге міндеттеміз? Ойды аяқта...", " Менің құқықтарым мен міндеттерім" деп аталатын ойын сабақтарын сайыс түрде өткізді. "Әділдік таразысы" арқылы Рефлекция. Қорытынды шығарды.
Директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары О.Салибеков он бағасын берді, әріптестері шығармашылық табыс тіледі.



Түркістан облысы білім басқармасы "№11 санаториялық мектеп-интернаты" КММ -нің 5"а"-сынып тәрбиешісі Г. Қурбанова "САНАҒА СӘУЛЕ ТҮСІРІП..." тақырыбында ашық тәрбие сағатын өткізді.
Мақсаты: кітап-сарқылмас рухани қазына,- дей келе, білімнің кітап арқылы берілетінін ұғындыру. Оқушыларға кітаптың адам өміріндегі маңызы, ғылым мен білімнің пайдасы жайлы түсіндіру. Оқушылардың кітапқа деген қызығушылығын арттыру, оқулықты құрметтеуге, күтіп ұстауға үйрету болды.
Сыныпта28 оқушы үш топқа бөлінді.
1-топ "Кітап" тобы кітап туралы өз ойларын ортаға салды.
2-топ "Білім" тобы Білім не үшін керек? Білімді жинауға не керек? сауалдар төңірегінде әңгіме қозғайды.
3-топ "Бұлақ" тобы Бұлақтың пайдасы, оның осы тәрбие сағатына қандай қатысы бар екенін дәлелдеу болды. "Білгенге маржан"айдарына назар аударылды. Аудиожазба тыңдалды. "Кітап қалай пайда болды?" Постер қорғау. Топпен жұмыс
1-топ. Кітап оқу ережесін құрастырды. 2-топ.Кітап оқудың 7 пайдасы жөнінде айтып көрсетті.
3-топ Мектеп кітапханасын жарнамалады.10 сауал??? бірлескен жұмыс жасалды. "Ұстазым" әні шырқалды.
тТәрбиеші Г.Қурбанова сабағын "Оқусыз білім жоқ,білімсіз күнің жоқ"-деген аталы сөздің мән, мағанасымен қорытындылады.
Директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары О.Салибеков он бағасын беріп, шығармашылық табыс тіледі

Түркістан облысының білім басқармасының "№11 санаториялық мектеп-интернаты" КММ-де 9"А" сынып тәрбиешісі С.Байболова "АДАЛДЫҚ ЖҮРГЕН ЖЕРДЕ, АДАМДЫҚ ЖҮРЕДІ" тақырыбында ашық тәрбие сағатын өткізді. Сабақтың мақсаты: өскелең жас ұрпақтың өн бойына адалдық, парасаттылық, әділдік, сенім құндылықтарын сіңіру болды. Сыныпты 3 топқа бөліп,
"Достық" тобы,
"Адалдық"тобы,
"Татулық" тобы құрылып, топтық жұмыс жасалды.
Адалдық-адам бойындағы асыл қасиеттердің бірі."Адалдық" деген сөз шыншылдық, айнымастық, шын берілгендік сияқты игі қасиеттерді еске салды. Қазақ пайымында адам бойында адалдық-пәктік, ар-ұждан, жан тазалығы. Адал дос дегеніміз-өтірік айтпайтын, шындықты жақтайтын, досын ешқашанда ұятқа қалдырмайтын, барлық уақытта қандай жағдай болмасын қол ұшын беріп көмектесетін, қашан да қасынан табылатын, барын бөлісетін нағыз жолдас,-екенін тәрбиеші Сәуле Байболова түсіндіріп өтті. Шығармашылық жұмыс, мақал-мәтелді жалғастыру, сергіту сәті. "Менің мінезім" жаттығуы, "Досым саған арнаймын" жұптық жұмыс. Рефлексия: "Екі жұлдыз,бір теле" әдісі бойынша оқушылар сабақтан алған әсерлерін жазып, қобдишаның ішіне салды. Адамдық борыш ар үшін,
Барша адамзат қамы үшін.
Серт берген еңбек етем деп,
Алдағы атар таң үшін,-деп, адалдық жүрген жерде, адамдық жүреді деген тақырыптағы сынып сағаты аяқталды.
Директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары О.Салибеков, аға тәрбиеші, бірлестік жетекшісі Л.Наушабекова, әріптестері он бағасын беріп, шығармашылық табыс тіледі.



