+7 771 367 63 68

KZ RU

28 қараша

28 Қараша 2024
"№11 санаториялық мектеп-интернаты" КММ "Әжемнің тағылымды әңгімесі" атты әжелермен сырласу кеші өткізілді.
Іс-шараны тәлімгер Б.Тлепова мен қыздар ұйымының жетекшісі Ы.Әзімбек және 5"б"сынып тәрбиешісі Н.Билібаеваның ұйымдастыруымен 5-9 сынып қыздарының қатысуымен өткізілді.
⚜️Сырласу кешіне
Түркістан облысы Қазығұрт ауданы Қазығұрт ауыл округы әжелер алқасының төрайымы Б.Исмайлова мен әжелер алқасының мүшелері қонаққа келіп қатысты.
Іс- шарада қыздар туралымақал-мәтелдер, нақыл сөздер, әндер айтылып, мың бұралған бишілеріміз "Оймақтар" биімен әжелердің көңілінен шықты.
Осы тұста Төлбасы әже қыз баласы киген киімі мен, тазалығымен, сөйлеген сөзімен әдепті екендігін айтып, Лескүл әже қыз баласының даналығы ер азаматтың алдын кесіп өтпеу керектігі, үлкендерге мейірімді болуды түсіндіріп, балаларға әкелген сыйлықтарын табыстады. Сыр-сұхбат соңында мектебіміздің директоры А.Юсупова келген әжелерге деген жылы лебізін білдіріп, сыйлықтар табыстады.
Политика конфиденциальности
Рейтинг@Mail.ru
Данный сайт использует файлы cookie и прочие похожие технологии. В том числе, мы обрабатываем Ваш IP-адрес для определения региона местоположения. Используя данный сайт, вы подтверждаете свое согласие с политикой конфиденциальности сайта.
OK