+7 771 367 63 68

KZ RU

28 қаңтар

28 Қаңтар 2024
«Біз нашақорлыққа қарсымыз!»
«Біз нашақорлыққа қарсымыз!» тақырыбында 7-9 сынып оқушыларымен тренинг өтті.
«Біз нашақорлыққа қарсымыз!» атты тренингтің мақсаты: Оқушылардың зиянды заттар туралы білімдерін тереңдету. Оқушыларды салауатты өмір салтына және имандылыққа тәрбиелеу.
Міндеті:
— «Нашақорлықтың пайда болу жолдары, ауру белгілерін ажырата білуге үйретіп, алдын алу жолдарын қарастыру;
—Жасөспірімнің қоғамға тигізген кез келген зиянды әрекетін қылмыс деп саналып, ол үшін заң алдында жауап беретіндігін үйрету;
— Жасөсіпірімдерді санасына нашақорлыққа апаратын қадамдардан бас тартуға, салауатты өмірді, яғни рухани-физикалық саулықты сақтау дағдысын меңгерту;
— Бала бос уақытын дұрыс ұйымдастыруды, ұйымшылдық, ынтымақтастық қасиеттеріне баулып, есірткімен күрес жолында белсенді болып өсуге тәрбиелеу.
1. «Ассоциация» ойыны. «Нашақорлық» сөзіне ассиоциация жасау. Ассоциация сөздер батманға жазылады.
Нашақорлық - наркомания (грек тілінен narke – мелшию және manіa – ессіздік, құтырыну) – есірткі заттарға патологиялық дағдыланудың нәтижесінде пайда болатын созылмалы ауру.
2. «Менің пікірім» жаттығуы
Қатысушыларға парақта әр түрлі пікір жазылып таратылады. Қатысушылар аталған пікірмен «келісемін» немесе «келіспеймін» деп өз жауаптарын ұсынуы керек. 1. Есірткіні тұтыну шығармашылық қабілетті жоғарылатады.
2. Кез келген уақытта есірткіні тұтынуды тоқтатуға болады.
3. Нашақорлық емделетін дерт.
4. Жасөспірімдер есірткіні қызығушылықтан тұтынады.
5. Есірткі саудасы заңмен қудаланады.
6. Есірткіні шамадан тыс қолдану өлімге әкеледі.
3. Жағдаятты сауалнамалар :
Анықтауларыңыз бойынша 8 сыныптың оқушысы есірткінің ең жеңіл түрін пайдаланып мектепке келген. Бұл жағдайда балаға жаза қолданыла ма?
Алмас 11 сынып оқушысы. Бірде таныс көкесі Алмасқа бір қалта есірткіні әкеліп қолына ақша ұстатты: «Мына қалтадағы затты ешкімге көрсетпе. Тіптен, анаң мен әкеңе. Сен сағат 19.00-ге қарай мына жерге барсан, сол жерден қалтаны сенен бір аға алып кетеді»,- дейді. Алмас қалтаның ішінде заттың не екенін түсінді. Бірақ қалтаны кері қайтаруға қолындағы қомақты ақшадан айырылғысы келмеді. Таныс көкесі мен Алмастың арасы жиі байланыста болды. Жеңіл жолмен ақша табу Алмасқа ұнады. Алмас заң бұзды ма? Себебі?
Оқушыларға арналған жағдаятты сұрақтар
Сен дос қызыңның шылым шегетінін байқадың. Ол сенен бұл жайлы ешкімге жария етпеуін өтінді және темекіні тастай алмайтынын да айтты. Дос қызыңның әрекетіне көзқарасың және мұндай жағдайда қандай шешім шығарасың?
Дүкеннен келе жатсаң алдыңнан көшенің бір топ ересек балалары шықты. Көздері жасаурап, себепсіз ыржалақтап күлген балалар сені «туысыңдай» қабылдап жатыр. Ересектеу біреуі қағазға оралған «темекіні» ұсынып «Мә, мынаны бір тартып көрші, рахат!» деп жауап берді. Сенің әрекетің.
Психологқа арналған жағдаятты сұрақтар
Баласы досының туған күнінен масаң күйде, тәлтіректеп түнгі 3-те оралды. Анасы мен әкесі ашулы күйде баласының мына түріне қарап ұрыса бастады. Баласы әке-шешесіне ежірейе қарап: «Өздерің Марат ағаның тойынан мас болып келіп келгенде ештеме деген жоқпыз гой», — деп жауап берді. «Сен біз секілді ересек адам емессің!»,- деп анасы ұрыса жөнелді. Ал әкесі баласын төмпештеп ұра бастады. Жағдайды психологиялық тұрғыда талдап берсеңіз.
Нұрзаттың жасы – 15-те. Оның әке-шешесі ажырасу үстінде. Ол анасы мен әкесінің екіге бөлінгенін қаламайды. Ата-анасы Нұрзатқа ештеме түсіндіргілері келмейді. Тек бірге тұра алмайтындықтарын ғана айтады. Нұрзаттың ешнарсеге қызығушылығы болмай, сабағы нашарлап кетеді. Ол үшін бүкіл әлемнің ешқандай мәні жоқ. Нұрзат өзін ешкімге керексіздей сезінді. Ата-анасына деген ренішін алкогольді ішімдік ішу арқылы баса бастады. Жеткіншекке мәселесін кім шешеді және қалай? Жағдайды әлеуметтік-психологиялық тұрғыда талдап берсеңіз.
Ата-анаға!
Сіздің балаңыздың жасы 14-те. Сіздер күйеуіңізбен (әйеліңізбен) таңертеңнен кешке шейін жұмыстасыз. Бірде көршіңіз балаңыздың темекі шегіп, спиртті ішімдіктер ішетінін, оны тіптен көргенін де айтады. Ал сіздің балаңыз бұл жайды теріске шығарды. Сіздің әрекетіңіз.
«Нашақорлық –қоғам дерті» тақырыбында слайдтар көрсетілді.Слайдтардан алған мәліметтер бойынша оқушылар сұрақтарға жауап берді.
4. Қорытынды.
Қатысушыларға тренингтен алған әсерлерімен бөлісу ұсынылады.
Нашақор қоғам дерті. Нашақорлықпен күресуге жалғыз адамның шамасы келмейді. Бұл жерде заң сақшылары нарколог мамандар, ата-аналар және сіздер мен біздер әрбір Қазақстан азаматы шетте қалмау керек. Ғасыр дертімен күресу керек. Дүниедегі ең қымбат нәрсе ол сенің өмірің. Сенің өмірің ол өз қолыңда!
Іс-шараны әлеуметтік педагог Ташкараева Шархия Мухтаровна өткізді.Тәрбиешілерде қатысып,жағдаяттық сұрақтарды шешті.Оқушылар сұрақтарына жауап берді.Өз дәрежесінде өтті.
Политика конфиденциальности
Рейтинг@Mail.ru
Данный сайт использует файлы cookie и прочие похожие технологии. В том числе, мы обрабатываем Ваш IP-адрес для определения региона местоположения. Используя данный сайт, вы подтверждаете свое согласие с политикой конфиденциальности сайта.
OK