Түркістан облысы білім басқармасының “11 санаториялық мектеп-интернаты” КММ-де
«Адал болу – әр адамның міндеті» тақырыбында бірыңғай адалдық сағаты өткізілді.
Іс-шараның мақсаты – оқушыларға адалдық пен әділдік туралы түсінік беріп, олардың құндылық ретіндегі мәнін ұғындыру. Сабақ барысында адами қарым-қатынастағы адалдық, қоршаған орта мен өмірдегі әділдіктің орны мен маңызы түсіндіріліп, оқушылардың осы қасиеттерді дұрыс түсініп, бойына сіңіруіне ықпал етілді.
Шарабарысында пікірлесу, ұлағатты сөздер айту, жағдаяттарды талдау, мақал-мәтелдерді жалғастыру сияқты әдіс-тәсілдер қолданылып, адалдықтың адам өміріндегі ерекше маңыздылығы мысалдар арқылы түсіндірілді.
Адалдық – адам мінезіндегі бағалы қасиет. Ол – адамның таза ниеті, ар-ұжданымен үйлескен, сана-сезіміне қайшы келмейтін іс-әрекеттердің жиынтығы.
Қазақ халқының адалдыққа қатысты өзіндік түсінігін Ұлы Абайдың мына сөзі айқындай түседі:
«Алдау қоспай, адал еңбегін сатқан, қолы өнерлі қазақтың әулиесі сол».
Іс-шара соңында директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары О.Салибеков қорытынды сөз сөйлеп, оқушыларды әрқашан адалдық пен әділдікті серік етуге шақырды.

