ҚҰҚЫҚ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІМЕН КЕЗДЕСУ


22.11.2024 жылы күні Біртұтас тәрбие бағдарламасын жүзеге асыру мақсатында 6-9 сыныптардың ер балалармен бірлескен мектеп психологы А.Сейдалиев, ҚББП Н.Қыдырбаева және 9"а" сынып тәрбиеші Ш.Бердікулованың ұйымдасуымен ұлдар жиналысы болып өтті. Жиналысқа Қазығұрт АПБ Қазығұрт учаскелікполиция инспекторы, полиция лейтенаты Ағабеков Жалғасбек Нұрматұлы, Қазығұрт АПБ ЖПҚ ЮПТ УПИ полиция аға лейтенаты Қуаныш Бақберген Орынтайұлы, ДТІЖО О.Салибеков , тәрбиешілер қатысты.
Жиналыстың мақсаты: оқушыларға адалдық, шындық туралы түсінік қалыптастырып, бойына рухани адамгершілік қасиеттерді ұялату үшін мейірбан, ақылды, шыншыл, қайырымды т. б адамдық асыл қасиеттерді игеруге ықпал ету. Бірін - бірі сыйлап, мейіріммен қарауға тәрбиелеу және бір үйдің баласындай болуды ұғындыру.
Қазығұрт АПБ Қазығұрт учаскелік полиция инспекторы, полиция лейтенаты Ағабеков Жалғасбек Нұрматұлы сөз сөйлеп,
бүгіндегі қоғамның алдында тұрған басты міндеттердің бірі - балалар мен жасөспірімдер арасындағы құқық бұзушылықтың алдын-алу, кәмелетке толмағандар арасындағы қылмыстың алдын алу керектігін, сонымен қатар, кәмелетке толмағандардың арасында құқық бұзушылықтың алдын алуда түрлі шаралар жүзеге асырылуда екенін түсіндіріп өтті.
"Буллингтен қорған!", "Қауіпсіз қоғам"- құқық бұзушылықтың алдын алу, бойынша жастарға толыққанды түсіндірме жұмысын жүргізді. Лидерлік, әлімжеттілік, ақша жинау, сұғанақтық, ұрлық жасау т.б. біреуден зәбір көру, зорлық-зомбылық көруге жол бермеу жайында әңгімелеп берді, Қазығұрт АПБ ЖПҚ ЮПТ УПИ полиция аға лейтенаты Қуаныш Бақберген Орынтайұлы "Өз іс әрекеттері үшін жауапкершілік" жайлы баяндап беріп, сұрақ-жауап алды, жасөспірімдер арасында салауатты өмір салтын қалыптастыру бойынша әңгіме қозғады.
Жиналыс соңында жағымды көңіл күй сыйлау мақсатында психолог А.Сейдалиев "Жақсы көңіл- күй жан шуағы" тренинг өтті.