"№11 санаториялық мектеп-интернаты" КММ-нің тәрбиешісі Ш.Бердикулова "Менің Отаным—Қазақстан" атты ашық тәрбие сағатын 8 "А" сынып оқушыларымен өткізді.
Білімділік: жас ұрпақты Отанын сүюге, еліміздің рәміздерін қастерлеуге, бай — қуатты ел екендігін мақтан етуге үйретіп, туған еліне, жеріне деген сүйіспеншілігін арттырып, махаббат сезімін ояту;
Дамытушылық: отанын, туған жерін қорғай білуге, халқымыздың талантты ақындарының өлеңдері мен ата — бабаларымыздың өнгеге етіп қалдырған даналық сөздері арқылы оқушыларды ұлтжандылыққа, атамекенін көздің қарашығындай сақтай білуге, патриоттық сезімге тәрбиелеу;
Тәрбиелік: ойларын жүйелі түрде жеткізе білу, шығармашылықпен жұмыс жасап, мәнерлеп өлең оқып, мағынасын түсіне білу дағдыларын дамыту.
Сабаққа директордың оқу ісі жөніндегі орынбасары Е.Әмірбеков ашық тәрбие сағатын өз дәрежесінде өткенін айтты.