"№11 санаториялық мектеп-интернаты" Коммуналдық Мемлекеттік Мекемесінің ұйымдастырушы педагог А.Қалдыбаева мен тәлімгер Т.Бегалиеваның ұйымдастыруымен 2023-2024 оқу жылының 26 желтоқсан күні "Қош келдің, Жаңа жыл!" атты жаңа жылдық мерекелік іс шара өткізілді. Іс- шараға
7-9 сынып оқушылары қатыстырылды. Іс шараның басын мектеп директоры А.Юсупова жаңа жылдық мерекемен құттықтап,ашып берді. Сонымен қатар тәрбие ісі жөніндегі орынбасары О.Салибеков, оқу ісі жөніндегіорынбасары Е.Амірбеков, әлеуметтік педагог Ш.Ташкараевалар ізгі тілектерін білдірді.
Оқушылар керемет көңіл күйде болып өз өнерлерін көрсетті. 27 желтоқсан күні 1-6 сыныптар аралығында өтілді. Демеушілік жасаған Г.Суюндикова көңілді аниматорлар әкеліп, аниматор мен оқушылар бірге өнер көрсетті.
Жаңа жыл әрбіріңіздің отбасыңызға жаңа нұр, жаңа шуақ, табыс пен береке, қуаныш пен мереке алып келсін, елімізде тыныштық болып ырыс-құтымыз арылмасын!
Жаңа 2024 жыл мерекелі, берекелі жыл болсын!