"№11 санаториялық мектеп - интернаты" КММ- де «Таза Қазақстан» акциясы аясында сенбілік өтті!

Іс-шараның басты мақсаты – қоршаған ортаны таза ұстау, экологиялық мәдениетті қалыптастыру мен табиғатты аялауға баулу және санитарлық жағдайын жақсартуға тигізер ықпалы зор.

Осы орайда, бүгін мектебіміздің барлық ұжымы сыртқы тазалық жұмыстарын жүргізді. Барлық ұжым белсене, бірігіп мектеп ауласын тазалап, талдарды ақтап, қураған бұтақтар кесіліп, арықтар қазылып, ауласыпырып жиналған қоқыстар арнайы орынға төгілді.

Осындай игі бастамалар табиғатты қорғауға және туған жерімізді көркейтуге зор ықпал етеді. Барша қатысушыларға алғысымызды білдіреміз!