КӘСІПТІК БАҒЫТ БЕРУ

"№11 санаториялық мектеп- интернаты" КММ педагог психолог А.Сейдалиев, ұйымдастырушы педагог А.Қалдыбаева, тәлімгер Б.Тлепова, ҚББ педагог Н.Қыдырбаева, сынып жетекшісі П.Баубекованың ұйымдастыруымен 9 "А" және 9 "Б" сынып оқушыларға мамандықтарды дәріптеу және талапкерлерге кәсіби бағдар беру жұмыстарын атқару мақсатында, №11 колледжі МКҚК мамандарымен кездесіп, тыныс тіршілігімен таныстырды.

Колледж оқытушылары 9 сынып оқушыларға оқу орындарымен,колледж дайындайтын мамандықтарымен, студенттермен жасалған жұмыстары жайында таныстырды. Мамандық таңдау-адам өміріндегі маңызды қадам, мамандық таңдау әрбір адамның өміріндегі маңызды сәт екенін айтып өтті. Оқушылар колледж туралы сұрақтарына толық жауап алып, жеңілдіктермен артықшылықтары туралы білді.