Түркістан облысы білім басқармасының “№11 санаториялық мектеп-интернаты” КММ-де 5 қазан – Мұғалімдер күніне орай және “Адал азамат” біртұтас тәрбие бағдарламасы негізінде “Қоғамға қызмет ету”, “Қуаныш сыйлайық”, “Даналық ұстаздан” челлендждері ұйымдастырылды.
Апталық барысында өзің-өзі басқару ұйымы мүшелерінің қатысуымен “Дублер күні”, сондай-ақ Қарттар күніне арналған ардагер ұстаздарға құрмет көрсету шаралары өткізілді. Тәрбиеші-педагогтар Раймова Н. мен Сапиева Ж.ардагер ұстаздарға қуаныш сыйлап, жылы лебіздерін жеткізді. Ұлағатты ұстаз Б. Урматова бұл тосын сыйдың өзіне ерекше әсер еткенін айтып, ризашылығын білдірді.
25 қыркүйек пен 5 қазан аралығында өткен “Ұстаз – ұлт шамшырағы” апталығы аясында ұстаздардың қоғамдағы мәртебесін арттыруға бағытталған түрлі мәдени-танымдық іс-шаралар ұйымдастырылды.
Қазіргі таңда мектебімізде 270 оқушыға 80 педагог білім мен тәрбие беруде. Әр іс-шара ұстаздарға деген алғыс пен құрметті арттыруға, олардың ұлы миссиясын дәріптеуге арналды.
Апталық қорытындысында бірқатар педагогтар облыстық білім басқармасы басшысы м.а. Г. Орыновтың және мектеп директоры А. Юсупованың Құрмет грамотасы мен Алғыс хаттарымен марапатталды.

