8 Наурыз - Халықаралық әйелдер күні мерекесі

«№11 санаториялық мектеп интернаты» КММ-де
"Аналар асыл жандар" атты 8 Наурыз-Халықаралық әйелдер күніне арналған мерекелік іс-шара өтті!


Іс-шарада мектеп директоры А.Юсупова барша ару апайларымызды құттықтап, гүл шоқтарын табыс етті.
Ардагер ұстаз С.Абуова апай мен ТІЖО О.Салибеков ағай,апайларымызды мерекемен құттықтады.

Аналарымызға деген шынайы құрмет пен мейірімімізді білдіріп, ерекше көңіл-күй сыйлады.
Кәсіподақ төрайымы Г.Оразова ,орынбасары О.Салибеков кәсіподақ ұйымы атынан сыйлықтарын тарту етті.

Мектебіміздегі өнерлі оқушылар мен мың бұралған биші қыздарымыз "Жасырынбақ", "Оймақтар" биін билеп, керемет концерттік бағдарламасымен жалғасын тауып, аналарымызға тамаша көңіл-күй сыйлады.

Барша аналарымызды тағы да мерекелерімен құттықтап, әрқашан бақытты, аман-есен болуларын тілейміз!
