Байтурсынова Мария Маликовна
КТЖ-ЖБ 2021-2022
Байтурсынова Мария Маликовна “№11 санаторилық мектеп-интернаты” КММ-нің бастауыш сынып мұғалімі. 07.10.2023жылы Қазығұрт ауданы, Рабат елді мекенінде дүниеге келген. 1989 жылы Жамбыл қаласындағы Абай атындағы пед училищесін 1989-1992 жылдар аралығында оқып бітірді. Еңбек жолын Қазығұт ауылындағы “Шаттық” бала бақшасында тәрбиеші болып бастаған. 1999 жылдың қыркүйек айынан бері осы жоғарыда аталған білім ордасында , бір мекемеде үздіксіз еңбек етіп келеді. 2001-2004 жылдар аралығында Оңтүстік Қазақстан Педагогика университетінің “Педагогика және бастауыш оқыту әдістемесі “ мамандығын алып шығып, 2006 жылы бастауыш сынып мұғалімі болып ауысты.
Білім саласындағы көп жылғы жемісті еңбегі үшін төмендегідей марапаттарға ие.
2023 жылы Халықаралық ғылым мен білімді қолдау орталығының ұйымдастыруымен өткен білім саласы қызметкерлеріне арналған “Пед старт-2023” атты ||| Республикалық байқауына “Үздік бастауыш сынып мұғалімі” номинациясы бойынша қатысып үздік нәтиже көрсеткені үшін марапатталды.
2022 жылы “Өрлеу“біліктілікті арттыру ұлттық орталықтың ұйымдастыруымен Мемлекетіміздің рухани әлеуетін нығайту мен білім беру сапасын арттыру саясатын жүзеге асыруда кәсіби жаңашылдығы,үздіксіз ізденімпаздығы және жоғары нәтижелері үшін марапатталды.2022 жылы “Өрлеу”біліктілікті арттыру ұлттық орталығының “КӨПТІЛДІ БІЛІМ БЕРУ ЖАҒДАЙЫНДА АНА ТІЛІН ОҚЫТУДЫ ЖЕТІЛДІРУ” халықаралық ғылыми- тәжірибелік конференциясына белсенді қатысқаны үшін СЕРТИФИКАТ берілді.