Cалканбекова Мадина Абдреимовна
Cалканбекова Мадина Абдреимовна «№11 санаториялық мектеп интернаты » коммуналдық мемлекеттік мекемесінің бастауыш сынып мұғалімі , Новаий облысы , Кенемех ауданында 08.02.1973 жылы дүниеге келдім. Ұлтым қазақ .Білімім жоғары .
1980 жылы С.Киров атындағы орта мектебінің 1 сыныбына барып, 1990 жылы 11 сыныпты аяқтап шықтым.
1990 жылы Новаий педагогикалық училищесінің «Мектепке дейінгі оқыту мен тәрбиелеу » бөліміне түсіп, оны 1992 жылы бітірдім.
Еңбек жолымды 1992 жылы Мақтарал ауданы, Жетісай қаласындағы «Красная звезда » балабақшасында тәрбиеші болып бастадым.
1996 жылдан Шымкент облысы ,Қызыл Сеңгір ауылындағы «Қызыл Сеңгір»орта мектебінде ән және музыка пәнінің мұғалімі, кітапханашы қызметтерін қоса атқардым.
2002 жылы Қазығұрт ауданындағы №11 мектеп-интернатына тәрбиеші етіп ауыстырылдым.
2002 жылы Қазақ – Ресей университетінің « Педагогика және бастауыш сынып әдістемесі » бөліміне түсіп,оны 2005 жылы аяқтадым.
2016 жылдан бастап, жоғарыда аталған мектеп-интернатында қазіргі таңға дейін бастауыш сынып мұғалімі етіп қызмет атқарып келемін.
Отбасымда 4 ұлым бар.
Марапаттарым : 2021 жылы NUR OTAN партиясының Алғыс хат
2023 жылы жемісті еңбегім үшін мектепішілік Алғыс хат.