Мақсутова Аксулу Жуматаевна өмірбаян
Максутова Аксулу Жуматаевна "№11 санаториялық мектеп-интернаты" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің тәрбиешісі. Қазығұрт ауданы Абай елді мекенінде 16.03.1965 жылы дүниеге келдім. Ұлтым қазақ. Жоғары білімдімін. 1972 жылы Абай атындағы мектептің 1 сыныбына қабылдандым. 1982 жылы 10 сыныпты аяқтадым. 1983 жылы Жетісай қаласындағы мәдени - ағарту училищесіне түсіп "кітапхана ісі" мамандығы бойынша 1985 жылы аяқтап шықтым. Еңбек жолымды 1994 жылдан №11 мектеп - интернатында көмекші тәрбиеші болып бастадым. 2001 жылы М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік университетінің бастауышта "педагогика және оқыту әдістемесі" мамандығы бойынша 2006 жылы бітіріп шықтым. 1997 жылдан бастап жоғарыда аталған мектеп-интернатта тәрбиеші қызметіне ауыстым. Қазіргі таңға дейін осы мекемеде тәрбиеші қызметін атқарып келемін. Отбасымда 2 ұл 1 қыз тәрбиелеп отырмын. Марапаттарым 2021жылы Нұр Отан партиясының алғыс хаты. 2018 жылы көп жылдық еңбегім үшін "Елеулі еңбегі үшін" Ы.Алтынсарин төсбелгісімен марапатталдым. 2018жылы мектепішілік грамотасымен марапатталдым. 2023 жылы Қазығұрт аудандық мәслихатының алғыс хатымен марапатталдым