Мырахметова Гульмира Мамбетовна
"11 санаториялық мектеп-интернаты"КММ-нің ағылшын тілі мұғалімі Мырахметова Гульмира Мамбетовна.
Қазығұрт ауданы, Қазығұрт елді мекенінде 28.11.1990 жылы дүниеге келген. 2009-2013 жылдар аралығында М .Сапарбаев атындағы Оңтүстік Қазақстан гуманитарлық иниституты, шет тілі мамандығы бойынша білім алды.
Еңбек жолын 09.01.2017жылы Қазығұрт ауданындағы №11 санаторий типтес арнаулы-мектеп- интернатында ағылшын пәнінің мұғалімі болып бастаған. Осы жоғарыда аталған білім ордасында, бір мекемеде үздіксіз еңбек етіп келеді. 2019 жылы өз білімін жетілдіру мақсатында Шымкент университетінде педагогика ғылымдарының магистірі дәрежесін иеленді. Білім саласындағы көп жылғы жемісті еңбегі үшін мынадай марапаттарға ие.
1. 2020ж «Ustaz tilegi » Республикалық Ағылшын тілі пәнінен ұстаздар арасында онлайн өтілген олимпиаданың I-дәрежелі Дипломымен марапатталды.
2. 2020ж «NIS Nazarbaev Intellectual Shools» Қашықтықтан оқытуды үйренемін 40 сағат оқу курсы
3. 2020ж «Nio Kz» Республикалық Ұлттық Олимпиадаға дарынды оқушыларды ынталандырғаны үшін «Алғыс хатымен» марапатталды
4. 2020ж «Nur Otan» Қазығұрт аудандық партия филиалы «Алғыс хатымен» марапатталды
5. 2021ж Ebilim.kz Электронды білім танымдық –әдістемелік сайты ұстаздар арасында Республикалық онлайн ұйымдастырылған «Үздік педагог» I-дәрежелі Дипломымен марапатталды.
6. 2021ж Ustaz tilegi ғылыми –әдістемелік орталығы ұйымдастырған Халықаралық Ағылшын пәнінен ұстаздар арасындағы онлайн блиц –турнирдің II-дәрежелі Дипломымен марапатталды.
Қазіргі таңда болашақ ұрпақ тәрбиесі үшін еңбек етіп келеді.