Сарсенбаева Гулжамал Жаксыбековна
"№11 санаториялық мектеп-интернаты" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің ағылшын тілі пәні мұғалімі Сарсенбаева Гулжамал Жаксыбековна 03.05.1990 жылы ОҚО. Қазығұрт ауданы. Тұрбат елді мекенінде дүниеге келген. ОҚПколледжін 2009 жылы шет тілі пәні мұғалімі бойынша бітірген.2012жылы ШӘПУ-ді шет тілі мұғалімі бойынша бітірген. 2009 жылы Қазығұрт ауданы, Тұрбат елді мекеніндегі "Еңбек" ЖОМ шет тілі мұғалімі бойынша жұмысқа қабылданады. 2013 жылы осы жоғарыда аталған аудандағы "№11 санаторий типтес арнаулы мектеп-интернаты" КММ шет тілі пәні мұғалімі болып жұмысқа ауысып, сол қызметте еңбек етіп келеді.Санаты:педагог-модератор.Білім саласындағы жемісті еңбегі үшін мынадай марапаттарға ие.
1.Білім беру жүйесіндегі өскелең ұрпаққа сапалы білім, саналы тәрбие беруде еткен еңбегі үшін Қазығұрт аудандық білім бөлімінің Алғыс хатымен марапатталды 2016ж.
2.8-наурыз Халықаралық әйелдер күніне орай Қазығұрт аудандық Білім бөлімінің Алғыс хатымен марапатталды 2019ж.
3.Республикалық педагогикалық ғылыми-әдістемелік журнал "Үздіксіз педагогикалық білім" журналына мақала жариялағаны үшін Құрмет грамотасы және Дипломмен марапатталды 2019ж.
4."Қазақстан ұстазы" журналына мақала жариялап "Үздік сабақ" Алғыс хатымен және Құрмет грамотасымен марапатталды. 2019ж.
5.Ұлттық Интернет Олимпиадасына жеңімпаз оқушылар дайындап қатыстырғаны үшін Алғыс хатымен марапатталды 2020ж.
6 "Өнерлі ұстаз - 2022" байқауында "Жаңашыл Ұстаз" номинациясына ие болғаны үшін Түркістан облысының Адами Әлеуетті дамыту басқармасының "Облыстық қосымша білім беруді дамыту орталығы" - ның Дипломы және Алғыс хатымен марапатталды 2022ж.
7.Егемен еліміздің болашағы жас жеткіншектерге сапалы білім, саналы тәрбие беріп, жыл қорытындысымен жоғары нәтижелі көрсеткіштерге жету барысындағы жемісті еңбегі үшін Қазығұрт аудандық мәслихатының Алғыс хатымен 2022ж.
8.Білім саласының дамуына, өскелең ұрпақтың рухани және зияткерлік деңгейін арттыруға қосқан елеулі үлесі үшін Түркістан облысының Білім Басқармасының Алғыс хатымен марапатталды 2023ж. Бүгінде талай шәкірттерінің қанатын қатайтып, болашағына даңғыл жол ашып беріп отырған ұстаз және 2 ұл, 3 қыз сонымен қатар қамқорлықта 1қыз,1ұл, жалпы 7 перзентті тәрбиелеп отырған ана, аяулы жар.