Тасболатова Роза Бегасиловна
Тасболатова Роза Бегасиловна«11 санаториялық мектеп-интернаты» КММ-нің бастауыш сынып мұғалімі.28.11.1972 жылы Қазығұрт ауданы,Қазығұрт елді мекенінде дүниеге келген.Қарағанды педагогикалық училищесін 1990-1992 жылдар аралығында оқып бітірді. 1992 жылдың шілде айынан бастап осы жоғарыда аталған білім ордасында ,бір мекемеде бастауыш сынып мұғалімі болып үздіксіз еңбек етіп келеді.2000-2003 жылдар аралығында Қазақ мемлекеттік Қыздар педагогикалық институтында «бастауыш оқыту әдістемесі» бойынша оқып білімін жоғарылатты.
Білім саласында көп жылғы жемісті еңбегі үшін мынадай марапаттарға ие:
1.2007 жылы Оңтүстік Қазақстан Облыстық педагог кадрлардың біліктілігін арттыру институтының «Мадақтама грамотасымен» марапатталды.
2.2009 жылы «Нұр Отан» ХДП-сы Қазығұрт аудандық саяси кеңесінің Жас өспірімдерге сапалы білім мен тәрбие бергені үшін Мақтау грамотасымен.
3.2011 жылы білім беру саласындағы жемісті еңбегі үшін Қазығұрт ауданының Грамотасымен марапатталды.
4.2015 жылы Оңт Қаз облысы білім,жастар саясаты және тілдерді дамыту басқармасының оқушыларға сапалы білім берудегі жемісті еңбегі үшін «Алғыс хатпен» марапатталды.
5.2016 жылы Облыстық кәсіподақ комитетінің Құрмет грамотасымен.
6. 2017 жылы Оңт Қазақстан Қазығұрт аудандық мәслихатының «Алғыс хатымен» марапатталды.
7.2018 жылы « Жаңартылған білім мазмұны бойынша жүргізілген топтық жұмыс дамуы»атты іс-тәжірбиесі зерттеліп,жинақталған және озат деп танылып аудан көлемінде таратылды.
8.2019 жылы Интернет олимпиадасына оқушылар дайындап қатыстырғаны үшін Алғыс хатпен марапатталды.www. nio.kz.
9.2021 жылы Оңт Қазақстан облысы Қазығұрт аудандық мәслихатының ауданның экономикасының артуына қосқан сүбелі үлесі үшін «Алғыс хатпен».
10.2022 жылы «Өрлеу» «Түркістан облысы және Шымкент қаласы бойынша кәсіби даму институты» кәсіби жаңашылдығы және үздіксіз ізденімпаздығы шін «Мадақтама» грамотасымен марапатталды.
11. 2022 жылы Түркістан облысының Адами әлеуетті дамыту басқармасының өскелең ұрпақтың рухани және зияткерлік деңгейін арттыруға қосқан елеулі үлесі үшін «Алғыс хатпен» марапатталды.
Қазіргі таңда талай шәкіртті білім нәрімен сусындатып келешегіне жарқын жол салып берген үлгілі ұстаз, отбасында үш ұлды өсіріп отырған аяулы ана.