Умербаева Лаззат Ережеповна
«№11 санаториялық мектеп-интернаты» КММ-нің қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі. Умербаева Лаззат Ережеповна 19.08.1970 жылы Қазығұрт ауданы, Қазығұрт елді мекенінде дүниеге келген. 1988 жылы Әл-Фараби атындағы Ұлттық университетінің филология факультетінің күндізгі бөліміне түсіп, 1992 жылы сырттай оқу бөліміне ауысып, 1995 жылы бітіріп шықты.Еңбек жолын 1992 жылы Қазығұрт ауылындағы О.Жандосов атындағы мектепте қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі болып бастаған. 1994 жылдың қаңтар айынан бері осы жоғарыда аталған білім ордасында үздіксіз еңбек етіп келеді.Білім саласындағы көп жылғы жемісті еңбегі үшін марапаттарға ие.
1.Түркістан облысы Адами әлеуетті дамыту басқармасының Құрмет грамотасымен марапатталды2021ж Тіркеу№54242. «Өрлеу» БАҰО» АҚФ Түркістан облысы және Шымкент қаласы бойынша педагогикалық қызметкерлердің біліктілігін арттыру институтының мадақтамасымен марапатталды2021ж Тіркеу №3133. «Ustaz tilegi» ғылыми-әдістемелік орталығы ұйымдастырған Республикалық қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің ұстаздар арасындағы онлайн олимпиадасының жеңімпазы атанып, Ⅰ дәрежелі Дипломмен марапатталды2021ж Тіркеу № R -0209774. «Ebilim.kz» Электронды білім танымдық-әдістемелік-сайты ұстаздар арасында Республикалық онлайн ұйымдастырылған «Үздік Педагог» олимпиядасының жеңімпазы атанып, үздік нәтиже көрсеткені үшін Ⅰ дәрежелі Дипломмен марапатталды 2021ж 26-мамыр Тіркеу№5155. «Lesson study сабақты зерттеу: кәсіби даму, тәжірибе, сапалы білім» атты республикалық семинарға қатысып, үздік тәжірибесімен бөліскені үшін марапатталды2023ж Тіркеу№24866. ҚР оқу-ағарту министірлігі «Өрлеу»БАҰО АҚ филиалы Түркістан облысы және Шымкент қаласы бойынша КДИ «Үздік интербелсенді сабақ-2023» байқауында кәсіби шеберлік танытқаны үшін ⅠⅠ Дәрежелі дипломмен марапатталды2023ж Тіркеу№13707. «Кәсіподаққа еңбегі сіңген қызметкер» белгісімен марапатталды2023 ж Куәлік №1312 Бүгінде өскелең ұрпақты тәрбиелеп, білім көшін жылжытып келе жатқан ұлағатты ұстаз және 1ұл, 3 қыз тәрбиелеп отырған аяулы ана.