Урматова Бибикуль Тулкибаевна
№11санаториялық мектеп-интернаты» КММ-ның тәрбиешісі Урматова Бибикуль Тулкибаевна 1.04.1965жылы Қазығұрт ауданы Монтайтас елді мекенінде дүниеге келген.
Шымкент педагогикалық мәдениет институтын және Қазақ Ресей гуманитарлық университетін бітірген.
Мамандығы: Бастауышты оқыту педагогикалық әдістемесі.
1993-1998жылдар аралығында Қазығұрт ауданы Шанақ ауылында «Абай» орта мектебінде бастауыш мұғалімі болып жқмыс жасады.
Қәзіргі таңда 1999жылдан бастап осы жоғарыда аталған білім ордасында, жоғары санатты тәрбиеші қызметін атқарып келеді. Осы жерде балалармен жұмыс жасау жолында « Тәлім –тәрбиенің ұлттық астары» атты шығармашылық тақырыппен айналысып келеді.
Алдына қойған мақсаты: «Жас жеткіншектерді жан-жақты етіп тәрбиелеуге, туған жерін,Отанын сүюге, салт-дәстүрін сақтауға, оған адал қызмет етуге тәрбиелеу.
Білім саласындағы көп жылғы жемісті еңбегі үшін мынандай марапаттарға ие.
1. 2018жылы «Бейбітшілік әлемі» Халықаралық ғылыми практикалық конференцияда «Бейбітшілік әлемі»алтын медалімен және Диплом марапатталды.
2. 2019жылы «Ұстаз даңқы 100есім» кітабына шықты.
3. 2020жылы Қазақстан Республикасы Білім және Ғылым министрлігі «Өрлеу» біліктілікті арттыру ұлттық орталығы акционерлік қоғамынан «сертификат» алды.
4. 2017жылы Тілдерді оқыту және дамыту орталығында ағылшын тілі курсынан «Сертификат» алды.
5. 2020жылы ‘‘ Qurmet-Abyroi, Birlik’’ қоғамдық бірлестігінің білім беру ісінің үздігі «Медалімен», «Алғыс хат», «Сертикифатпен» марапатталды.
6. 2021жылы www.Ebilim.kz электронды білімтанымдық –әдістемелік сайты арқылы ұстаздар арасында Республикалық онлайн ұйымдастырылған «Үздік педагог» олимпиадиасынан 1 дәрежелі Дипломмен марапатталды.
7. 2021жылы Республикалық педагогикалық ғылыми басылым «Өрлеу», «Ғылыми ізденіс» жобасында Құрмет грамотасымен, Дипломмен, Сертификатпен марапатталды.
8. 2021жылы 8 халықаралық әйелдер мейрамында аудан әкімі А.Абдуллаев Алғыс хатпен марапатталды.
9. 2022жылы Қазығұрт аудандық мәслихат хатшысы Ө.Көпеев 25мамыр «Соңғы қоңырау» мерекесінде Алғыс хатпен марапатталды.
10. 2023 жыл «Кәсіподаққа еңбегі сіңген қызметкер» белгісімен марапатталды.
Бүгінде талай шәкірттерінің қанатын қатайтып, болашағына даңғыл жол ашып беріп отырған ұстаз және 1ұл 1қыз тәрбиелеп отырған ана. Осы ұл-қыздарынан 7немере көріп отыр.