Жарқынбаева Анаркүл Абдуллаевна
"11 санаториялық мектеп-интернаты"КММ-нің химия-биология пән мұғалімі Жарқынбаева Анаркүл Абдуллаевна.
Оңтүстік Қазақстан облысы,Қазығұрт ауданы ,Қосағаш елді мекенінде 17. 01. 1984 жылы дүниеге келген. 2001-2006жылдар аралығында Қ.А.Яссауи атындағы Халықаралық Қазақ-Түрік университетінің ,химия –биология мамандығы бойынша білім алды.
Еңбек жолын 17.01.2007жылы Қазығұрт ауданындағы №11 санаторий типтес арнаулы-мектеп интернатында биология пәнінің мұғалімі болып бастаған. Осы жоғарыда аталған білім ордасында, бір мекемеде үздіксіз еңбек етіп келеді. Білім саласындағы көп жылғы жемісті еңбегі үшін мынадай марапаттарға ие.
2021ж Ustaz tilegi ғылыми –әдістемелік орталығы ұйымдастырған Республикалық Биология пәнінен ұстаздар арасындағы онлайн блиц –турнирдің II-дәрежелі Дипломымен марапатталды.
1. 2021ж Ebilim.kz Электронды білім танымдық –әдістемелік сайты ұстаздар арасында Республикалық онлайн ұйымдастырылған «Үздік педагог» I-дәрежелі Дипломымен марапатталды.
2. 2021ж Ustaz tilegi ғылыми –әдістемелік орталығы ұйымдастырған Халықаралық Биология пәнінен ұстаздар арасындағы онлайн блиц –турнирдің II-дәрежелі Дипломымен марапатталды.
3. 2021ж Ustaz tilegi ғылыми –әдістемелік орталығы ұйымдастырған Республикалық Биология пәнінен ұстаздар арасында онлайн өтілген олимпиаданың Сертифмкатымен марапатталды.
4. 2021ж Түркістан облысы Қазығұрт аудандық мәслихаты «Алғыс хатымен»»марапатталды.
5. 2023ж Қазақстан Республикасы оқу-ағарту министолігі «ӨРЛЕУ» біліктілікті арттыру ұлттық орталығы акционерлік қоғамы «Биология мұғалімдерінің пәндік құзыреттіліктерін дамыту .7-9 сыныптағы қиын тақырыптар» тақырыбы байынша 80 академиялық сағат көлемінде өткендігін растайды Сертификат берілді.
6. 2023ж AL-FARABI білім беру орталығының ұйымдастыруымен өткен «Ашық сабақ қалай жасалады?» оқыту семинарына қатысып,ұстаздарды дамыту жолында еңбек еткендігі үшін Алғыс хатымен марапатталды.
7. 2023ж Оқу ағарту министрлігі Түркістан облысы «№11санаторий типтес арнаулы мектеп-интернаты» КММ мектеп директоры А.Юсупова Алғыс хатпен марапаттады.
Бүгінде талай шәкірттерінің қанатын қатайтып, болашағына даңғыл жол ашып беріп отырған ұстаз және 3 ұл, 1 қыз тәрбиелеп отырған ана , аяулы жар.