Әзімбек Ынтымақ Әзімбекқызы
Әзімбек Ынтымақ Әзімбекқызы «11 санаториялық мектеп-интернаты»КММ-нің тәрбиешісі 03.10.1992 жылы Сарыағаш ауданы Әлімтау елді мекенінде дүниеге келген. Әлімтау ауылында 1999-2010жылы Ә.Молдағұлова атындағы жалпы орта мектебін аяқтап,2010-2014 оқу жылдары Шымкент қаласы Мұхтар Әуезов атындағы ОҚМУ-нің психология мамандығын иеленіп шыққан.
Еңбек жолын 2016 жылы Қазығұрт ауданындағы «11 санаториялық мектеп-интернаты»КММ-де бастаған. Қазіргі таңда осы мекемеде еңбек өтілін жалғастыруда.
Еткен еңбек пен ізденістерінің арқасында мынандай марапаттар мен алғыс хаттарға ие.
1. ІІ-дәрежелі ДИПЛОМ Облыстық мұғалімдері арасындағы «Өнерлі ұстаз-2021» байқауында үздік шығармашылығымен танылған.
2. І-дәрежелі ДИПЛОМ www.Ebilim.kz Электронды білім танымдық-әдістемелік сайты ұстаздары арасындағы Республикалық онлайн ұйымдастырылған «Үздік Педагог» олимпиядасының жеңімпазы.
3. АЛҒЫС ХАТ Қазығұрт ауданы «Жастар ресурстық орталығы» КММ-нің ұйымдастыруымен өткен «ӨНЕРЛІ ҰСТАЗ -2019» байқауынан.
4. І-дәрежелі ДИПЛОМ www.intolimp.kz интернет олимпияда сайты мұғалімдер арасында педагогика мен оқыту әдістемесінен өткізген «Үздік педагог» қашықтық олимпиядасынан.
Бүгінде талай оқушыларға тәрбие беріп ,олардың заманға сай білімді де саналы болып қалыптасуына даңғыл жол ашып беріп отырған тәрбиеші және 2 ұл,1 қыз тәрбиелеп отырған ана,аяулы жар.