+7 771 367 63 68

KZ RU

Іс-шаралар

28 Маусым 2024
"№11 санаториялық мектеп-интернаты"
КММ-де "Орыс тіл және ағылшын тілі бірлестігінің апталығы болып өтті.
Тема недели «Под единым шаныраком»
Цель :
-формирование у детей интереса к жизни людей других национальностей, их культуре, обычаям, национальному искусству
Задачи:
- формировать у детей патриотизм, миролюбие, национальное согласие, культуру речевого общения;
- развивать познавательный интерес, желание больше узнать о народах, живущих в Казахстане; углублении знаний по русскому, английскому языкам;
- воспитывать чувство гордости за свою Родину, за свой народ, уважение к традициям и обычаям других народов.
Эпиграф:
« На просторах Казахстана
Много разных народов живет.
Все народы, как братья равны,
Всем народам — любовь и почет.
Мир — солнышку и детям,
Мир — всем людям на Земле!
28 Маусым 2024
Түркістан облысы білім басқармасының "№11 санаториялық мектеп-интернатында"
9-мамыр Ұлы Жеңіс күніне және "№11 санаториялық мектеп-интернаты" КММ-не
60 жыл толуына орай 2008-2009 жылы туылған жасөспірімдер арасында волейболдан аудандық жарыс өтті.
Жарыстың ашылу салтанатын "№11санаториялық мектеп-интернаты" КММ-нің директоры Айгуль Мирзалиевна, тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Омар Тілеуұлы және Таулы Қарабах ұрыс қимылдарының ардагері Нұрлан Нышанбекұлы сөз сөйлеп,жарыс шымылдығын ашып берді.
Ойынға жалпы:
1. Шанақ ауыл округі "Абай" атындағы ЖББМ,
2. Ынталы ауыл округі "Ынталы" ЖББМ,
3. "Қ.Сәтбаев мектеп-литцейі".
4. "Қ. Тұрсынқұлов ЖББМ",
5. "Ащыбұлақ ЖББМ"
6. №4 БЖСМ.
7. "Дарын мектеп- интернаты".
8."№11 санаториялық мектеп-интернаты"
команда 1.
9."№11 санаториялық мектеп- интернаты"
команда 2.
Жалпы 9 команда шеберліктерін ортаға салды.
Тартысты бәсекеде
🏆1-орын "№11санаториялық мектеп-интернаты"
🥈2-орын "Ащыбұлақ" ЖББМ.
🥉3-орын Қ. Сәтбаев мектеп литцейі иеленді. Спортшыларымызға жеңісті күндерің жалғасын таба берсін деп тілейміз.
28 Маусым 2024
"№11 санаториялық мектеп-интернаты" КММ-де
"МЕН ЕЛІМНІҢ ЕРТЕҢІМІН" атты тақырыпта 1 "А" сынып тәрбиешісі Райымова Нұржамал ашық тәрбие сағатын өткізді.
Мақсаты: білім алуға деген ұмтылыстарын, алынған мәліметтерге сыни көзқараспен қарау қабілеттерін қалыптастыру.
Тәрбиелік міндеті: Өз бетімен білім алу қабілетін қалыптастыру;
Оқуүлгерімдерін көтеру міндетін шешу және өз бетімен анықтау қабілеттерін қалыптастыру;
Көпшілік алдында сөйлеу дағдыларын қалыптастыру;
Ұйымшылдыққа, бірлікке, іздемпаздыққа баулу, ұтқыр ойға ұтымды жауап беру дағдыларын қалыптастыру;
Көрнекілігі: Мақал-мәтелдер, интерактивті тақта, сигналдық белгілер.
Сабаққа қатысқан, директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары О.Салибеков, оқу ісі жөніндегі орынбасары Е.Амірбеков, тәрбиешілер бірлестігінің жетекшісі Л.Наушабекова, тәрбиеші Ж.Сапиева да оң бағасын беріп, шығармашылық табыс тіледі.
28 Маусым 2024
"№11 санаториялық мектеп-интернаты" КММ-де
"Білім жүгін арқалап, биікке самға жас талап" атты тақырыпта "Негізгі пәндер" апталығы болып өтті.
Мақсаты: Мемлекеттік стандарт талаптарына сәйкес оқытудың сапасын, пәндерге деген қызығушылығын арттыру. Оқушылардың логикалық қабілеттерін жетілдіру. Оқушыларды тапқырлыққа, есепқұмарлыққа, ізденімпаздыққа баулу. Жастарды әдептілікке, инабаттылыққа тәрбиелеу.
Апталық жоғары деңгейде болып өтті.
28 Маусым 2024
"№11 санаториялық мектеп-интернаты" КММ-де
2 "б" сыныбымен "Дос болайық бәріміз" атты тақырыпта Ергешова Перизат ашық тәрбие сағатын өтті.
Сабақтың тақырыбы: «Дос болайық бәріміз»
«Әнұран»
Сабақтың мақсаты:Оқушыларға дос, достық туралы әңгімелей
отырып, олардың достық қарым – қатынасын нығайту.
Дамытушылық: Оқушыларды өзімшілдіктен, менмендіктен тағы
басқа жаман әдеттерден аулақ жүруге үйрету, адалдыққа,
шыншылдыққа тәрбиелеу.
Тәрбиелік мәні: Оқушылардың адамгершілік қасиетін, бір-біріне
деген достық сезімдерін нығайту.
Міндеттері:
- Балаларды достарымен жағымды қарым-қатынас жасауға үйрету;
- Өзара сыйластық, өзара түсіністік, өзара көмек қарым –
қатынастарын дамыту;
- Татулыққа, достыққа тәрбиелеу.
Әдіс-тәсілдері: Түсіндіру,сөйлемді аяқтау, пікіралмасу,жүректен
жүрекке,достық ағашы,ренжістік-татуластық ойыны.
Көрнекі құралдар: Нақыл сөздер, дос туралы мақал-мәтелдер,
«нағыз дос» ағашы, жүрекшелер,шарлар.
28 Маусым 2024
"№11 санаториялық мектеп-интернаты" КММ-де
"ӨНЕГЕЛІ ҰРПАҚ" АПТАЛЫҒЫ БАСТАЛДЫ
Мемлекет басшысының тапсырмасымен республика бойынша жүріп жатқан «Таза Қазақстан» экологиялық акциясына Түркістан облысы да белсене қатысуда. Акцияға, облысқа қарасты аудан/қала жұртшылығы мен Түркістан облысының білім басқармасына қарасты барлық білім беру ұйымдары мен мекемелері өз үлестерін қосып, тазалық жұмыстарына белсене қатысуда.
Экологиялық мәдениетті қалыптастыра отырып, отансүйгіштікке, табиғатты қорғауға, халықтың қоршаған ортаға деген сүйіспеншілігін арттыру мақсатын көздеген "Өнегелі ұрпақ" апталығын өңір аймақтарындағы барлық білім беру ұйымдары бастап кетті.
«Таза Қазақстан» республикалық экологиялық акциясына білім саласына қарасты әріптестерді, барлық мекеме/ұйымдарды белсене қатысуға шақырамыз!
28 Маусым 2024
"№11 санаториялық мектеп-интернаты"
Мемлекет басшысының тапсырмасымен республика бойынша жүріп жатқан «Таза Қазақстан» экологиялық акциясына Түркістан облысы да белсене қатысуда. Акцияға облысқа қарасты аудан/қала жұртшылығы мен Түркістан облсының білім басқармасына қарасты барлық білім беру ұйымдары мен мекемелері өз үлестерін қосып, тазалық жұмыстарына белсене кірісті.
Акцияның басты мақсаты – қоршаған орта мен тұрғындар үшін қолайлы жағдайларды қамтамасызету, азаматтық жауапкершілікті арттыру, экологиялық сана мен экологиялық мәдениетті қалыптастыру және нығайту мақсатында құрылған қоғамдық игілікке ұқыптылықпен қарау қағидаттарын қалыптастыру.
22-27 сәуір аралығында өтіп жатқан «Жасыл аймақ» апталығы шеңберінде көшет отырғызу, ағаштарды әктеу жұмыстары қызу жүргізілуде.
Сондықтан облыс тұрғындарын, жастарын алдағы апталықтарға да белсенді қатысуға шақырамыз!
28 Маусым 2024
"№11 санаториялық мектеп-интернаты" оқушылары Волейбол жарыста үздік үштікке ілінді. 🥉🏆
🔰"Түркістан облысы бойынша Таулы Қарабахтағы этносаралы қақтығыстарды реттеуге қатысқан ұрыс қимылдарының ардагерлері" қоғамдық бірлестігі.
✅ 1992 жылы 17 сәуір Қазақстан сарбаздары Таулы Қарабах аумағынан шыққан күніне орай волейболдан 2008-2009жылы туылған жасөспірім ұлдар арасында ашық турнир өткізді. Қазығұрт ауданы Шанақ ауыл округі "Абай" ЖОББМ өткен сайыста №11 санаториялықмектеп-интернатының спорт нұсқаушысы Б.Салыбеков баптайтын шәкірттері ІІІ орын үшін таласта Қазығұрттық "Жас Барыс" командасынан басым түсті.
Жарыс қорытынсында Түркістан облысы бойынша Таулы Қарабах ұрыс қимылдарының ардагері. Бірлестік төрағасы Дәрібаев Махмуд Үсенұлы жеңімпаз командаларға арнайы Алғыс хат І. ІІ. ІІІ дәрежелі медальдар және кубок табыстады.
Спортшыларымызға толағай табыс тілейміз!
28 Маусым 2024
Түркістан облысының білім басқармасының "№11санаториялық мектеп-интернаты" КММ-нің 8 "а" -сынып тәрбиешісі Ш.Бердикулова "Отбасы-бақыт мекені" тақырыбында ашық тәрбие сағатын өткізді.
Мақсаты: Отбасы құндылықтарын дәріптеу, бала тәрбиесіндегі ата-ананың көз қарасын кеңейту, ұстаз-оқушы-ата-ана өзара қарым-қатнастарын жақсарту. Оқушылардың отбасындағы сүйіспеншілік, сыйластық сезімдерді нығайту болды. Тәрбие-отбасынан басталады, болашақ, ұрпақтың еліне, Отанына дегенсүйіспеншілігі алдымен ата-ананың ықпалымен қалыптасады "Дәулет есіктен, ақыл бесіктен кіреді" демекші білім бесігі мектептен, тәрбие бесігі отбасынан бастау алады. Отбасының екі тірегі- әлпештеген әке мен аялаған ана. Ата-анаға үлкенге қызмет етіп, әкеңнің еңбегін, анаңның ақ сүтін өтеу-біздің борышымыз. Ата-ана отбасының негізгі діңгегі, бастапқы дәнекері. Бала әкеден ақыл, анадан мейрім алады. Әке туралы айтсақ, әке отбасының асыраушысы, қамқоршысы. Ана-отбасының ұйтқысы, жылуы, шуағы. Отбасы-адам баласының түп қазығы, алтын ұясы,-деп толық түсіндіріп айтып өтті Ш.Бердикулова. "Әке", "Ана" әндері орындалды, "Соқыр ана" көрнісі көрсетілді. Ата-аналармен онлайн тренинг, біз ата-анамызды жақсы білеміз бе?/оқушылар/ мақал-мәтелдер, би жаттығулары орындалды. Қазақ отбасында әуелі әке, содан кейін-шеше, бұлар-жанұя мектебінің ұстаздары болады. Әке мен шешенің баласына қоятын ең бірінші басты талап-тілектері баланың "әдепті бала" болып өсуі. Сондықтан қазақ жанұсы әрдайым: "Әдепті бол, тәрбиесіздік етпе, көргенсіз болма" деген сияқты сөздерді балалардың құлағына құйып өсірген деп қорытындылады.
Директор А.Юсупова, директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары О.Салибеков, тәрбиеші әріптесі А.Сулейманова оң бағасын беріп, шығармашылық табыс тіледі.
25 Мамыр 2024
"МЕКТЕБІМ, САҒАН МЫҢ АЛҒЫС!" атты бітіруші түлектерге арналған соңғы қоңырау мерекелік іс-шарасы өткізілді...🎉🎉🎉
Түркістан облысы білім басқармасының "№11 санаториялық мектеп-интернаты" КММ-де 2024 жылдың 25 мамыр күні "МЕКТЕБІМ, САҒАН МЫҢ АЛҒЫС!" атты соңғы қоңырау болып өтті.
Міне, тағы бір оқу жылы аяқталып, біздің мектебіміздің бітіруші түлектері бүгінгі салтанатты жиында балалықпен, мектеппен қоштасқалы тұр.
Іс-шара барысында мектеп директоры Юсупова АйгульМырзалиевна мерекелік іс-шараны ашып, бітіруші жас түлектерге жүрек жарды ыстық лебізін білдірді. Және де 2023-2024 оқу жылының қорытындылай келіп, апай ағайларды, тәрбиеші апайларды құрмет грамотасымен, алғыс хаттармен марапаттады. Мектебіміздің үздіктері де марапатталды.
Аталмыш мерекеге мектебіміздің ҚР білім беру ісінің құрметті қызметкері, деректордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары О. Т. Солибеков, Абуова Сара апай ардагер ұстаз, оқу ісі жөніндегі орынбасары Е. Амирбеков жәнеде ата-аналар комитетінің төрайымы Кыстаубаева Маржан, Избасарова Шолпан т.б ата аналар қатысып, бітіруші түлектерге жылы лебіздерін білдірді. Мектебіміздің мың бұралған бишілеріміз билеп, 8 "Б" сынып оқушысы Ерубаева Хадиша "Ұстазым" әнін шырқады. Керемет мерекелік іс-шараның куәсі болды.
Мектебіміздің мақтанышы, "АЛТЫН БЕЛГІГЕ" үміткер алтын ұя мектебі мен ұстаздарға деген ыстық лебіздерін өзі білдірді.
9-сынып түлектері өздерінің қоштасу вальсін билеп, "Қимай тұрмын әнін" шырқап, қимастық сезімін білдірді. Ендеше, бітіруші түлектерімізге сәт-сапар тілейміз! Қанаттарың талмасын, жас түлектер!
Барлығы: 185
<< 1 .. 6 7 8 9 10 11 12 13 14 15 16 .. 19 >>
Политика конфиденциальности
Рейтинг@Mail.ru
Данный сайт использует файлы cookie и прочие похожие технологии. В том числе, мы обрабатываем Ваш IP-адрес для определения региона местоположения. Используя данный сайт, вы подтверждаете свое согласие с политикой конфиденциальности сайта.
OK